Шақыру жасындағы азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Шақыру жасындағы азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы от 16.03.2006 г. № 401 (Шақыру жасындағы азаматтарды 2006 жылғы көктемде және күзде мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы)
1. 1-қосымшаға сәйкес қалалық шақыру комиссиясының құрамы құрылсын және бекітілсін. Қалалық шақыру комиссиясының құрамында қалалық медициналық комиссиясы құрылсын.
2. Шақыру комиссиясының жұмысы 2006 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда өткізілсін.
3. Шақыру комиссиясы Орал қаласында тұратын, мерзімді әскери қызметтен босатуға немесе шақыру мерзімін шегеруге құқы жоқ, 1998 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ шақыру мерзімін шегеру құқынан айырылған жасы үлкен азаматтарды шақырып, мерзімді әскери қызметке аттандырсын.
4. Шақыру учаскесі Орал қаласы Евразия даңғылы, 100 мекенжайында орналасқан Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ғимаратының ІІ қабатында ұйымдастырылсын.
5. Шақыру комиссиясының төрағасы (Д.Ж.Ғалеев) Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі талаптарын орындауда шақыру комиссиясының толық құрамында жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
6. Шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелерінің басшылары:
1) шақырушыларды сапалы медициналық тексеруден өткізу үшін 1 – қосымшаға сәйкес, дәрігер мамандар және орта буындағы медицина қызметкерлерін бөлуді қамтамасыз етсін;
2) аталған дәрігерлер мен медбикелер ауырып қалған жағдайда олардың дәл сондай маманмен алмастырылуын ұйымдастырсын;
3) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтардың 100 пайыз тегін флюорографиялық тексеруден өтуін, қан тобы мен ЖҚТБ-ге реакциясын анықтау үшін анализ алынуын, жүректері электрокардиограммаға түсірілуін, шақыруға қатысатын қаладағы медицина мекемелері негізінде жалпы клиникалық анализ өткізілуін қамтамасыз етсін;
4) стационарлық тексеру мен кеңес беру үшін қаланың медицина мекемелерінде 2-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін;
5) шақыру комиссиясына тексеруге жіберген шақырушыларды дәрігерлер кезектен тыс қабылдасын;
7. Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына шақырушылардың шақыру учаскесінде жеке шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын. Іссапарда немесе демалыста жүрген шақырушылар кері шақырылып, олардың шақыру учаскесіне міндетті келуі қамтамасыз етілсін.
8. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Е.М.Абулхатин) Орал қаласының шақыру учаскесіне шақыруды дайындау және өткізу мерзімінде техникалық қызметкер және қызмет етуші ретінде есептегі жұмыссыздар қатарынан 45 адам бөлсін.
9. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Т.Х. Рахметов) тәртіпті қамтамасыз ету, шақыруды ұйымшылдықпен өткізу және шақырушыларды әскерге аттандыру үшін:
1) Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне 2006 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін полиция нарядын бөлсін;
2) Әскери міндетті атқарудан жалтарып жүрген тұлғаларды ұстау үшін іздестіру жүргізсін.
10. Аталған шараларды орындауға байланысты шығын облыстық бюджеттен Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бөлінген қаржы есебінен өтелсін.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Е.Р.Мұқаевқа және Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Д.Ж. Ғалеевке жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Орал қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы,
бастығының уақытша міндетін атқарушы
В. Мифтахов _________________
«13» марта 2006 ж.
Батыс Қазақстан облысының
денсаулық сақтау Департаменті,
директоры А.Молдағасимова
____________________________
«14» марта 2006 ж.
«Бекітілді»
Орал қаласы әкімдігінің
2006 жылғы наурыз «16» № 401
қаулысына 1-қосымша
Қалалық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Данияр Жақсылықұлы Ғалеев - Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Амангелді Медхатұлы Дәулетжанов - Орал қаласы әкімі аппаратының, басшысы, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Жібек Қабдырахымқызы Құнарова - «№4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медбикесі, шақыру комиссиясы хатшысы (келісім бойынша)
Кенжебек Нәбиұлы Қадисов - Орал қаласының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Қуаныш Қосаманұлы Орынбасаров - медициналық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы, дәрігер (шарт бойынша)
Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы - Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Әскерге шақыру комиссиясы
төрағасының орынбасары - Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
Медициналық әскерге шақыру
комиссиясының төрағасы - хирург дәрігер (шарт бойынша)
Медициналық әскерге шақыру
комиссия төрағасының орынбасары - медбике (шарт бойынша)
Комиссия мүшелері: - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Қалалық дәрігерлік комиссияның құрамы
Маман дәрігерлер:
Хирург
Көз дәрігері
Нарколог
Невропотолог
Тері венеролог
Рентгенолог
Тіс дәрігері
Оторинголог
Терапевт
Психиатр
Кіші медицина қызметкерлері:
Дәрігер – хирург медбикесі
Көз дәрігері – окулист медбикесі
Дәрігер – терапевт медбикесі
Дәрігер – оторинголог медбикесі
Дәрігер – ренгенолог медбикесі
Дәрігер – психиатр медбикесі
Дәрігер – нарколог медбикесі
Тіс дәрігері – стоматолог медбикесі
Дәрігер – невропатолог медбикесі
Дәрігер – дерматолог медбикесі
Медбике – фтизиатр
Медбике – хатшы
Медбике
Орал қаласы әкімдігінің
2005 жылғы наурыз «16» № 401
қаулысына 2- қосымша
Шақыру мерзімінде шақырушыларды стационарлық және амбулаторлық тексеруден өткізу үшін орын бөлінетін емдеу мекемелерінің ТІЗІМІ:
«№1 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№2 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№3 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№4 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Медициналық орталық» Жауапкершілік шектеулі серіктестігі
«Батыс Қазақстан облыстық тері-венерология диспансері» мемлекеттік мекемесі
«Батыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансер» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық туберкулезге қарсы диспансер» мемлекеттік мекемесі
«Батыс Қазақстан облыстық жүйке денсаулығының орталығы» мемлекеттік мекемесі
«Облыстық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны