2006 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындары мен аумақтарын қорғау жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Үстіміздегі жылдың боранды болып қардың көп түсуіне байланысты көктемгі тасқын судың мол болуына қолайлы жағдай туғызуда. Көктем кезінде жол қатынастары күтпеген төтенше жағдайлар туғызып, елді мекендер қатынассыз қалу мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып тасқын суды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету, елді-мекендерді шаруашылық объектілері мен коммуникациялары, автомобиль жолдарын қорғауға ысты алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тасқын суды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі комиссия қосымшаға сай құрылсын.
Тармақ 2
2. Тасқын суға қарсы комиссия және ауылдық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты жұмыс істеуі және тасқын суды апатсыз өткізу жөнінде шаралар әзірлесін;
Тармақша 2
2) Жағдайлар туралы ақпараттар жинау мен талдау, оған баға беру және елді мекендерді, өндірістік ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларды су басу фактілеріне жол бермеу үшін шаралар алатын оперативтік топтар құрсын;
Тармақша 3
3) Меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге барлық қажетті күштер мен құралдары жұмылдырылсын;
Тармақша 4
4) Тасқын су кезінде тәулік бойы кезекшілік қойылсын, күн сайын аудандық комиссияға 21035, 21733 телефондары бойынша жағдай хабарланып отырылсын;
Тармақ 3
3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Наурзалиев) тасқын су арқылы қозғалысқа қауіпті учаскелерде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы дер кезінде шаралар алсын.
Тармақ 4
4. «Батыс су» аумақтық мемлекеттік кәсіпорынның аудандық пайдалану учаскесі (Жумағалиев) су тораптарын, су қоймаларын, магистралді және басқа да каналдарды дайындау жөніндегі инженерлік-техникалық шараларды іске асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Қанат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Әмірғалиев), «Батыс Қазақстан таратушы электроторабтар компаниясы» ашық акционерлық қоғамдығының Жәнібек аудандық электроторабы (Дүйсекенов), «Оралолоблгаз» ашық акционерлық қоғамының Жәнібек аудандық газ пайдалану учаскесі (Уалиев) және аудандық телекоммуникация торабына (Ахметжанов) тасқын су кезінде автокөлік жолдарын, электр, байланыс желілерін және жердегі газ құбырларын қорғауды және сақтауды қамтамасыз ететіндей нақты шаралар әзірлеу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мусағалиев), білім беру (Қадиралиев), мәдениет және тілдерді дамыту (Құсайынов) бөлімдері ауданда орналасқан өздерінің ведомстваларына қарайтын объектілерді су тасқыны кезінде болатын зақымданудан қорғау жөніндегі әзірлік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 7
7. Ауылдық округі әкімдері мен аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мұсағалиев) тасқын су алдында стационарлық емделуді қажет ететін ауруларды анықтап, оларды дер кезінде аудандық ауруханаға жеткізу шараларын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия осы жылдың наурыз айының 15 күніне дейін:
Тармақша 1
1) құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, адамдар мен материалдық құндылықтарды дер кезінде көшіруге арналған шұғыл әрекет ету отрядінің әзірлігін тексерсін;
Тармақша 2
2) құтқару апаттық және болжанбаған жұмыстарды жүргізу үшін жану-жағар май материалдарының қорын, қапшықтар әзірлесін.
Тармақша 3
3) жүзу және құтқару құралдары толық әзірлікке келтірілсін;
Тармақша 4
4) шағын кәсіпкерлер мен құбырлардың, кюветтердің, өткел астындағы су өтетін құрылыстарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарына бақылау орнатсын;
Тармақша 5
5) су тасқынына қарсы іс-шараларға топырақ үю үшін карьер белгілеу.
Тармақ 9
9. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Менеевке жүктелсін.
Басқа 19. Тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №50 қаулысына қосымша Тасқын суға қарсы күрес ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы Менеев Қазбек Абдулғазезұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы. Жұмағалиев Нұрболат Ұлданұлы - «Батыс су» АМҚ-ның жанындағы аудадық пайдалану учаскесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Негметов Бекжан Байжанұлы - аудандық тұрғын ұй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төтенше жағдай жөніндегі бас маманы, комиссия хатшысы. Әмірғалиев Төлеген Жазитұлы Комиссия мүшелері «Қанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктін бастығы (келісім бойынша) Утемисов Райуль Айболатұлы - Жәнібек ауылдық округінің әкімі Наурзалиев Нұрғали Мергенұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Каримов Аман Бақытұлы - жол полицияның аудандық мемлекеттік бас инспекторы Есенбаев Талғат Ситекұлы - аудандық № 20 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Өтебалиев Едіге Әбетұлы - аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Хажгалиев Хабдолхаким Хажгалиұлы - аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің Ахметжанов Батырбек Мақсотұлы - аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша)