Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест в Целиноградском районе в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Басқа 3
БЕКІТІЛГЕН
Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына
«2006 жылы Целиноград ауданында
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
Қағидасын бекіту туралы»
2006 жылғы «03» мая № 113
2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың әлеуметтік-қауқарсыз санаттарын жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қағида халықтың нысаналы тобынан хабарласқан тұлғаларды жұмысқа орыналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын немесе құратын ұйымдармен негізгі жағдайлар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны – «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) жолданған халықтың мақсатты топтары санынан тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін аудандық бюджет қаражатынан жұмысқа қабылданған қызметкерлерге еңбекақыға жұмыс берушілердің шығынын ішінара өтемақыларын төлеу арқылы ұсынылатын жұмыс орны;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтары - жыл сайын Целиноград ауданының әкімдігімен анықталатын жұмысқа тұруға қиыншылық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін тұлғалардың топтары;
Тармақша 3
3) жұмыс беруші - меншік нысанына қарамастан Целиноград ауданында өз қызметін жүзеге асыратын заңды не болмаса жеке тұлға.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орны алты айдан артық емес мерзімге беріледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан тұлғаларға еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы Қазақстан Респбуликасының заңнамалық актілері пайдаланылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындары аудан бюджеті қаражатынан осы жорындарына қабылданған тұлғалардың еңбекақыға ішінара шығындарды өтеу арқылы меншікті қаражаттары есебінен жұмыс берушілерден құрылады.
Тармақ 4
4. Бөлім әлеуметтік жұмыс орындарын құруға тілек білдірген жұмыс берушілермен талаптар, еңбекақы мөлшері және әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғалардың еңбекақы ішінара шығындарын өтеу тәртіптері ескертілген нысаны бойынша ауданның бюджетінде «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бюджеттік бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде шарттар жасасады.
Тармақ 5
5. Мүгедектер және зейнетақы жасына дейінгі тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға басымдышяқ құқығы бар.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру келісім бойынша Бөлім орталықтарымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орнына орналысудың басым құқығына ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақысы ай сайын еңбек туралы заңнамаларға сәйес жасалған еңбек шартының талаптарына сай жүзеге асырылады және орындалған жұмыс санынан, сапасына және. қиыншылығына байланысты болады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орнындарына қабылданған тұлғалардың еңбекақысы олардың жеке шотына болмаса жұмыс берушілердің есеп шоттарына ақшалай қаражатты екінші деңгейлі банкілер арқылы аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орнындарына жұмысқа орналасқан тұлғалардың еңбекақысына жұмыс берушілердің шығындары аудандық бюджет қаражаттары есебінен ең төменгі еңбекақыдан кем емес көлемінде ішінара өтеледі және олардың есеп шотына аударылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орнындарына қабылданған тұлғалардың еңбекақысына ішінара төлеуге ай сайын бөлімге мағлұмат береді.
Тармақ 12
12. Орындалған жұмыс санына, сапасына және қиындығына байланысты жұмыс берушілер меншікті қаражаттар есебінен нақты орындаған жұмыстары үшін қосымша үстемақы белгілеуге құқылы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 15
15. Бөлім әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.