Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын және 2006 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.С. Құдабаев):
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын және кәсіптік дайындығын анықтау жөніндегі шараларды қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамсыз ететін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. «Халықтың нысаналы тобын және 2005 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы», (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3449, 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 16 «Ақ-жол») Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 65 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.