Қолданыстағы ред. 10.03.2006

2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы от 10.03.2006 г. № 90 (2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы)

0

2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығынан айырылғанан азаматтар 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2

2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегің кұрамда құрылсын:
Алтаяқов Бауыржан Джиенбайұлы-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы
Сәрсенғалиев Асылбек Мұхтарұлы-аудан әкімі аппаратының басшысы. комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Хайрова Ағайша Ермекқызы-терапевт, аудандық медициналық комиссияның төрайымы
Жанғалиев Қоблан Меңдыханұлы-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Мұқатова Роза-аудандык аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Қажет болған жағдайда оларды ауыстыратын резервтегі адамдар:
Бахытов Рашид Шораұлы-қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жауапты орындаушысы - комиссия төрағасы
Махимов Мереке Темірболатұлы - аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын қамтамыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі-комиссия төрағасының орынбасары
Нүркенов Серік Насиұлы-хирург

3

3. Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтаяқов ):
мерзімді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші азаматтарды дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету сұралсын.

4

4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 8 - тармағына сәйкес, медициналық қызметкерлердің және комиссия мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің, шақыру пунктінде қызмет көрсетуші өзге де адамдардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып , жұмыстан босатылсын.

5

5. Аумақтық медицина бірлестігінен (Н.Жаңғалиев):

1

1) шақыру кезеңінде медициналық комиссияның құрамын айқындап,соған арнап қажетті жоғарғы білікті тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету ;

2

2) шақыру коммиссиясы емдеу мекемесіне жіберген шақыртушыларды станцианарлық тексеруден өткізу;

3

3) осы мақсатқа арнап аудандық аруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету сұралсын.

6

6. Аудандық ішкі істер бөлімінен ( И.Бекқалиев):

1

1) шақыру кезінде шақыру пунктіне қоғамдық тәртіптің сақталуын ;

2

2) шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру пунктіне жеткізуге арнайы полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.

7

7. Ауылдық округтері әкімдеріне :

1

1) Азаматтарды шақыру пунктіне уақытында жеткізуді бақылау жауапкершілігі жүктелсін ;

2

2) Азаматтарды шақырту пунктіне жеткізу үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманын бөлу міндеттелсін ;

3

3) Шақыру жасындағы азаматтарды Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы көлікпен жеткізуді ұйымдастырсын.

8

8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Б.Алтаяқовқа азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өту барысы туралы мәілімдеп отыруды және қорытынды ақпараты 2006 жылдың 10 шілдесіне және 2007 жылдың 10 қаңтарына дейін аудан әкіміне мәлімдеу тапсырырылсын.

9

9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркеғалиевке жүктелсін.
Келесемін:
Бөкей ордасы ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан: Б.Алтаяқов
Келесемін:
Бөкей ордасы ауданының аумақтық
Медициналық бірлестігінің бастығы: Н.Жаңғалиев
Келесемін:
Бөкей ордасы аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы: И.Бекқалиев