2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жыл 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 9, 20, 21 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Е.Кабиров) 2006 жылдың сәуір -маусым және қазан -желтоқсан айлары аралығында шақыру күндеріне 18 жасқа толған, сондай-ақ кейінге қалдырылған мерзімдері өткен 1979 - 1988 жылы туған азаматтарды әскери қызметке шақыру және оларды белгіленген мерзімде әскер қатарына жөнелту ұсынылсын.
Тармақ 2
2. 1-қосымшаға сәйкес аудандық әскерге шақыру комиссиясы және осы комиссия құрамында медициналық комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі білімге жеткізуді қамтамасыз етсін және әскер қатарына алынушы жастарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Орал қаласындағы облыстық жинақ пунктіне жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлсін.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ж. Шакуов) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұранысына қарай қажетті техниқалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Казталов аумақтық медициналық бірлестігі (А.Абдулов) /келісім бойынша/:
Тармақша 1
1) Шақыру кезеңіне арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлсін және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді-медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Шақыру комиссиялары емдеу мекемелеріне жіберген шақырушыларды стационарлық және емханалық тексеруден өткізсін;
Тармақша 3
3) Осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орын бөлсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Абатов) мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Шақыру пунктінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арнайы топ құру.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Т.Каюпов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге жөнелту жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға аудандық бюджеттен қаралған ақша қаражатын бөлсін.
Тармақ 9
9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Е.Кабиров) шақырудың барысы туралы аудан әкіміне мәлімдеп, қорытынды ақпаратты 2006 жылдың 10 шілдесіне және 2006 жылдың 11 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігінің «2005 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2005 жылғы 22 сәуірдегі №125 /тіркеу №7-8-3, 30.05.2005 жыл, «Ауыл айнасы» газеті 2005 жыл 18 маусым №26/, «Аудан әкімдігінің «2005 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2005 жыл 22 сәуірдегі №125 /тіркеу №7-8-3/ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі №267 /тіркеу №7-8-14 31.10.2005 жыл, «Ауыл айнасы» газеті 2005 жыл 19 қараша №48/ қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 11. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шыныбековке жүктелсін. Келісілді: Казталов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Абатов Нұрлан Жүнісұлы 31.03.2006 жыл Келісілді: Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Кабиров Ерлан Рысқалиұлы 31.03.2006 жыл Келісілді: Казталов аймақтық медицина бірлестігінің директоры Абдулов Айдарбек Нұрбапаұлы 31.03.2006 жыл
Басқа 16. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы:
Казталов ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 80 қаулысына 1 -қосымша Аудандық әскерге шақыру комиссиясы: Кабиров Ерлан Рысқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы Өміралиев Қайыржан Мақсотұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары. Тасболатов Ерсайын Ізбасарұлы - аудандық аурухана дәрігері, медициналық комиссия төрағасы Габбасов Данияр Ғайниұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Тасболатова Күнсұлу Ізбасарқызы - медбике, комиссия хатшысы Сатаев Жұмабай Аспендиярұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы комиссия төрағасы Жалмұқанов Тұяқ Әмірұлы- аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Баймұратова Алтынай Кеңесбайқызы - Жалпақтал аймақтық медициналық бірлестігі директорының орынбасары Жұбандықов Айболат Хамитұлы - Жалпақтал аймақтық полициясы бөлімі бастығының орынбасары Қисметова Талшын - медбике, комиссия хатшысы.
Басқа 17. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Казталов ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 80 қаулысына 2 -қосымша Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі № Ауылдық округтер Шақырушылар саны Сәуір 3 4 5 6 7 10 11 12 13 14 1 Казталов 85 + + 2 Бірік 15 + 3 Бостандық 30 + 4 Тереңкөл 20 + 5 Қошанкөл 16 + 6 Болашақ 34 + 7 Қараоба 25 + 8 Қайынды 20 + 9 Жалпақтал 85 + + 10 Талдықұдық 15 + 11 Талдыапан 30 + 12 Қарасу 30 + 13 Ақпәтер 15 + 14 Жаңажол 25 + 15 Көктерек 15 + 16 Қараөзен 25 + Шақырушылар саны Қазан 2 3 4 5 6 9 10 11 12 13 90 + + 10 + 25 + 20 + 20 + 25 + 30 + 20 + 85 + + 10 + 25 + 25 + 20 + 20 + 20 + 25 +