Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасынын азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығының орындалуымен, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейініе калдыруға құқығы жоқ азаматтарды мөлшелері он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін кезекті мерзімдік әскери қызметке шақырылуы 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоксанында өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыруды жүргізу кезенінде шақыру комиссиясы құрамның қосымшасына сәйкес құрылсын және осы құрам белгіленсін.
Тармақ 3
3. Шақыруды жүргізгенде әскерге шақырушыларды сапалы дәрігерлік куәландыру мақсатында «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдык казыналык кәсіпорынның бас дәрігеріне ұсынылсын (Финк В.В.):
Тармақша 1
1) аудандық әскерге шақыру пунктерін белгіленген талаптарға сәйкес қажетті медициналық - санитарлық мүлікпен, құрал - жабдықтармен және медициналық құралдармен жинақталу бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру үшін қажетті дәрігерлер мен орта медициналық персоналдарын жіберсін;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда әскерге шақырушылардың стационарлық емделуін өткізуді қамтамасыз етсін, ол үшін «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында 10 - койко-орын бөлінуі қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Федоров селосының әкіміне шақыру пунктін кезекті шақыруды жүргізу уақытында екі техникалық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Селолық округтер және Федоров селосының әкімдеріне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өтуге аудандық комиссиясының отырысына және әскерге жіберу үшін уақытында жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мерзімді әскери қызметін өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс - шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 6
6. «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (Никифоров А.Н.) «Қостанай облысы Федоров ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Кенжекеев М.М.) бірлесе әскерге шақырушыларды уақытында құлақтандыру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін құлақтандыру және іздестіру тобын құрсын.
Тармақ 7
7. «Қостанай облысы Федоров ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Кенжекеев М.М.) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдардың жеткізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырушылар пунктінде шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, аудандық және облыстық медициналық комиссиясына шақырушылардың тіркеу уақытында және шақырушылардың әскерге кету уақытында қоғамдық тәртібін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Әскерге шақыру учаскесіне жұмыска жіберілген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің, медициналық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың осы азаматтар жіберілген ұйымдарда, жұмыс орны және алып отырған лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 9
9. Әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2006 жылғы ауданның бюджетінде қарастырылған қаражат есебінен іске асырсын.
Тармақ 10
10. Аткарылған жұмыстар туралы ақпарат Федоров ауданының әкіміне 2006 жылғы 1 шілдеде және 2007 жылғы 1 қаңтарда берілсін.
Тармақ 11
11. Федоров ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштеріне, баска әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», (мемлекеттік Тізілім тіркеуінің нормативтік-құқықтық актілерінде 9-20-4 нөмірлі тіркелген, 2005 жылғы 03 қарашада «Федоровские новости» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 06 қазандағы № 238 каулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы 2006 жылғы 02 мамырдан қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Басқа 22. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 154 қаулысына қосымша Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Никифоров Александр Николаевич - «Қостанай облысы Федоров ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Адаева Мәриям Дулатқызы - «Федоров аудандык ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары 1. Браилко Надежда Анатольевна - «Федоров аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының емхана меңгерушісі (келісілім бойынша) 2. Бугаков Юрий Иванович - «Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) 3. Есмағамбетова Гүлнар Қазбайқызы - «Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру және келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің жиынтығы бөлімше бастығының көмекшісі комиссия хатшысы (келісім бойынша)