Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре - декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 319 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылғы сәуір-маусымда, қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына тіркеу № 3547 сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1988 жылы туған, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған одан жоғары жастағы азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы жөніндегі іс-шаралар 2006 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) аудандық шақыру комиссиясының құрамы (1-қосымша);
Тармақша 2
2) аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамы (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Әскерге шақыру учаскелері мен жинақтау пункттерінде жұмыс істеуге жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші адамдардың, әскерге шақырылушыларды іздестіру мен хабарландыру тобы мүшелерінің, осы азаматтарды жіберілген ұйымдарда жұмыс орны, алып отырған лауазымы және орташа еңбекақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Боровской селосы, селолық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың 100% келулерін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Меңдіқара аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Д. Ахметов, келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеніне:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз етуге және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық персонал мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберуге;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындарының резервісі болуына ұсыныс жасалсын.
Тармақ 6
6. «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Л. Садуақасова, келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 7
7. «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (М. Потапенко, келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
Тармақ 8
8. «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т. Өтегенов, келісім бойынша), «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С. Көлбеков, келісім бойынша) бірлесіп әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру мен хабарландыру тобын құруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 9
9. «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С. Көлбеков, келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылушыларды әскерге шақыруды жүргізу мен жөнелту кезінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 10
10. «Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С. Хабалкина, келісім бойынша) шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асыруға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 11
11. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 381 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» тіркеу № 9-15-18, «Меңдіқара үні» аудандық газетте 2005 жылғы 27 қазанда № 46 жарияланған, қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
Басқа 19. Аудандык шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 179 қаулысына 1- қосымша
Аудандык шақыру комиссиясының құрамы
Өтегенов Талғат Қайырбекұлы - «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Арықов Қайрат Қуанышұлы - «Меңдіқара ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Байзақов Жұмабек Тықышұлы - «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Жолданов Бейсембай Тойғожаұлы - «МАОА» МКҚК дәрігер- хирургы, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Матюшенко Аягөз Нұрахметқызы - «МАОА» МКҚК медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
«МАОА» МКҚК- «Меңдіқара аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Басқа 20. Аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамы
Әкімдіктің
2006 жылғы 2 мамырдағы
№ 179 қаулысына 2- қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамы
Мажула Валерий Иванович - «Меңдіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Швыдченко Светлана Васильевна - «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Солодов Алексей Павлович - «Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі топтың бас инспекторы (келісім бойынша);
Жұмабаева Әсия Иванқызы - «МАОА» МКҚК дәрігер- психиатры; (келісім бойынша);
Хапаль Елена Александровна - «МАОА» МКҚК медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).