Об организации отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в летний период 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 18 мамырдағы №132ө өкіміне сәйкес және балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтуын, олардың шығармашылық жағғынан дамуын, сол сияқты кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қылмыс жасауының және бақылаусыз қалуының алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі облыстық комиссия қоса тіркелген қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) Жергілікті жерде мектептен тыс ұйымдарға қасымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қаралған қаржы есебінен, сонымен қатар демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарта отырып, жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, бос уақытын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, сонымен қатар балалар лагерьлерінің пайдалануға дайындығын қабылдау жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
Тармақша 3
3) Бірінші кезекте жетім балалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтамасыз етілген, көп балалы, толық емес отбасылары балаларының демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4) Барлық үлгідегі лагерьлердің санын арттыру және олардың қызметін жақсарту, оларды педагогикалық және басқа кадрлармен қамтамасыз ету, оларда балалардың демалуы үшін қажетті материалдық-техникалық және тұрмыстық жағдайларды жасау жөніндегі шараларды қабылдасын;
Тармақша 5
5) Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс мерзімінде жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды, оларға уақытша жұмыс орнын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, олардың судағы қауіпсіздігін, сол сияқты балалардың сауықтыру ұйымдарындағы өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев), дене тәрбиесі және спорт департаменті (Жарылғапов Н.Г.) жазғы маусымда барлық қосымша білім беру ұйымдарының, спорт ұйымдары мен ғимараттарының балалармен және жасөспірімдермен жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Білім беру департаменті (Е.Н.Иманғалиев) балаларды патриоттық, азаматтық белсенді позицияда тәрбиелеу және қызығушылықтары бойынша біріктіру мақсатында жазғы маусымда скаут қозғалысы, «Болашақ», «Тұлға» балалар қозғалыстарының жұмысын жандандырсын.
Тармақ 5
5. Ішкі саясат департаменті (Б.Қ.Жұмабеков):
Тармақша 1
1) Жастар ұйымдарының балалар мен эасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын өткізуге қатысуына ықпал жасасын;
Тармақша 2
2) Жазғы маусымда мінез-құлқы девиантты жасөспірімдерді стіденттік құрылыс отрядтарына тартуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысына дайындалу және өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Т.Н.Хамитов), денсаулық сақтау департаменті (М.З.Шайдаров):
Тармақша 1
1) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына тексеріс ұйымдастырсын, олардың орналасқан жеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қадағалаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетуге, оларды тамақтандыру мен сауықтыруды ұйымдастыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
Тармақ 8
8. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ететіндей жағдай тудыру үшін:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жасау жөніндегі басқарма (О.В.Машицкий – келісім бойынша) жазғы сауықтыру ұйымдарының өртке қарсы жай-күйіне тексеріс ұйымдастырсын және олардың өртке қарсы қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) облыстық судан құтқару қызметі (К.К.Балмұханов) суға түсетін орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) ішкі істер бас басқармасы (А.В.Кулинич – келісім бойынша) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балаларды сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етсін, жазғы демалыс кезеңінде жолдар мен көшелерде балалар жарақаттануын азайту жөнінде алдын алу шараларын қабылдасын.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Т.Н.хамитов), төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жасау жөніндегі басқарма (О.В.Машицкий – келісім бойынша) санитарлық-гигиеналық нормаларға және өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес келмейтін ғимараттарда балалардың сауықтыру лагерьлерін ашуға жол бермесін.
Тармақ 10
10. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Б.Р.аманов – келісім бойынша) қала сыртындағы лагерьлердің телефон байланысын және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 11
11. Аталмыш шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат 2006 жылғы 15 қыркүйек қарсаңында тапсырылсын.
Тармақ 12
12. осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.З.Қанаевқа жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің бастығы ____________________А.Кулинич «19» мамыр 2006 жыл КЕЛІСІЛДІ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау Және қадағалау жасау жөніндегі басқарма бастығы ____________________О.Машицкий «16» мамыр 2006 жыл
Басқа 27
Қарағанды облысының әкімінің 2006 жылғы «25» мамыр № 01 шешіміне қосымша 1.Қанаев Серікжан Облыс әкімінің орынбасары, Зиаданұлы комиссия төрағасы 2.Иманғалиев Есенғазы білім беру департаментінің директоры, Нұртөлеуұлы комиссия төрағасының орынбасары 3.Кулагина Татьяна облыс әкімі аппаратының әлеуметтік Петровна бағдарламалар мен адам факторын талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы 4.Шайдаров Мәжит денсаулық сақтау Зейнуллаұлы департаментінің директорының міндетін атқарушы 5.Хамитов Төлеген мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық Нұрғалиұлы қадағалау департаментінің директоры 6.Машицкий Олег төтенше жағдайлар саласындағы Владимирович мемлекеттік бақылау және қадағалау жасау жөніндегі басқарма бастығы (келісім бойынша) 7.Балмұханов Қуаныш облыстық судан құтқару қызметінің Көшербайұлы бастығы 8.Самойлюк Татьяна облыстық білім және ғылым Филипповна қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы (келісім бойынша)