О дополнительном перечне лиц относящихся к целевым группам и мерах по содействию занятости на 2006 год по Сандыктаускому району Күшін жойған
Басқа 0
Сандықтау ауданы бойынша 2006 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін іс-шаралар және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының 200 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 7 бабына сәйкес, нысаналы топтарға кіретін және әлеуметтік қорғау қажет ететін тұлғаларды жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына сәйкес нысаналы топтарға жататын тұлғалар тізімін басшылыққа алсын.
Тармақ 2
2. Нысаналы топтарға жататын тұлғалар санатының тізімдемесін толықтырсын: ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам), 24 жасқа дейінгі жастар, жастары 50-ге келген және асқан адамдар.
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың нысаналы топтардағы санынан жұмыссыздарды орналастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін анықтасын. (олардың басшыларының келісіммен).
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдері Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып, нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру шараларын қарастырсын.
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал жасасын.
Тармақ 6
6. Қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті ресми жариялануға жатады.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданы әкімінің
орынбасары Б.С.Ізбасарова
«3» 02 2006 ж
КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданының эконмика
және бюджеттік жоспарлау
Н А Мурашиди
«3» 02 2006 ж
КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданының
Қаржы бөлімі бастығының м.а.
Воротник Т.М
«3» 02 2006 ж
КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданы әкімі
Аппаратының мемлекеттік
құқық бөлімінің бастығы
С.И.Горшков
«3» 02 2006 ж