Об отборе кандидатов из числа гражданской молодежи для поступления в военно-учебные заведения в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы азаматтық жастар қатарынан әскери-оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының ,2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерін офицерлік кадрлармен толықтыру мақсаттарында, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының азаматтық жастар қатарынан әскери-оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеп алу жүргізсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері, Сандықтау ауданының білім бөлімі және Сандықтау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі әскери-оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу жүргізуді 2006 жылдың 1 мамырына дейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сандықтау ауданының білім бөлімі:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орындарына оқуға ниет білдірген жастардың қажетті құжаттармен, олардың медициналық комиссиядан өтетін күні келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) кандидаттармен бастама емтиханға енгізілетін пәндер бойынша, қосымша сабақтар өткізу қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Сандықтау ауданының білім бөлімі және Сандықтау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі 2006 жылдың сәуірінде кандидаттардың жоғары әскери оқу орындарына физикалық дайындығына тексеру жүргізсін.
Тармақ 5
5. Сандықтау ауданының білім бөлімі Сандықтау ауданының қорғаныс істері бөлімімен (келісімі бойынша) бірігіп, мектеп бітіруші сыныптар оқушыларымен бастама емтиханға енгізілетін, мәселелер бойынша орта кәсіби кеңес жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Сандықтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) кандидаттарды жоғары оқу орындарына оқуға іріктеу мерзімі ішінде жастардың әскери-кәсіби бағдары жөнінде материалдар дайындасын және жергілікті басылымға жиі-жиі жарияласын;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың 10 мамырына дейін Сандықтау ауданының әкімдігін кандидаттарды жоғары әскери оқу орындарына іріктеу жөніндегі жұмыстар қорытындысы туралы хабардар етсін;
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Б.С Ізбасарова жүктелсін