О создании районной противопаводковой комиссии и об утверждении мероприятий по пропуску паводковых вод в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасуға қарсы аудандық комиссия құру және тасқын суды өткізу жөніндегі іс-шараларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипаты туралы» Заңына сәйкес, 2006 жылғы көктемгі су тасқынын апатсыз, ұйымшылдықпен өткізуге және мүмкін болатын су тасуға қарсы тұру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы аудандық комиссия құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ақкөл ауданының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқыны, дайындықпен және апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар бекітілсін (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Қалалық, селолық округгер мен село әкімдері, көктемгі су тасқынына қарсы тұру жөніндегі барлық дайындық жұмыстарының дер мерзімде орындалуға бағытталған іс-шараларын әзірлеп аудандық комиссияға тапсырсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет Басқармасына мемлекеттік тіркеуге жіберілсін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № а-3/74 «Су тасуға қарсы аудандық комиссия құру туралы» қаулысы күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.П.Лиге жүктелсін.
Басқа 7. Комиссия мүшелері:
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2006 ж. «13» наурыз
№ а-3/84 қаулысына
қосымша 1
Су тасқынына қарсы аудандық комиссияның Құрамы
Ли А.П. аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Жұманов М.Ж.. Акқөл қаласының әкімі, комиссия төрағасының орынбасары
Тақысов С.С. аудан әкімі аппараты заң бөлімінің азаматтық корғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманның міндетін аткарушы
Комиссия мүшелері:
Елисеев В.В. аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
Шереметова Л.А. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көліктері мен автомобиль жолдары бөлімінің бастығы
Реморенко А.Ф. жер қатынастары бөлімінің бастығы
Асқаров А.С. «Тепловодсервис» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Қосақбаев М.Қ. Ақкөл темір-жол стансасы бастығы (келісім бойынша)
Ескенов Т.Б. аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісіммен)
Құсайынов М.Б. жол полициясы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Ақсақалов Е.Қ. «Ақмола тәжірибе зауыты» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Кущев Л.И. «Автотранс» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Қамысбаева Б.Н. «Знамя Родины» газетінің редакторы (келісім бойынша)
Семенов В.А. аудандық пошта байланысының бастығы (келісіммен)
Малдыбаев А.Ғ. аудандық телекоммуникация торабының бастыңы (келісім бойынша)
Рамазанов Х.Қ Ақкөл ауданы бойынша табиғи ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті инспектор (келісім бойынша)
Сағындықов Т.Қ. «Ақкөл құрылыс сервис» ЖШС директоры (келісіммен)
Сейітов М.М. өндірістік-жол басқармасының бастығы (келісіммен)
Шапағатов М.Қ. төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Қоңыратов Б.Ж. Ақкөл аудандық электр желілері бастығы (келісіммен)
Басқа 8
қосымша № 2 Ақкөл ауданы
әкімдігінің 2006 ж.«13» наурыз
№ а-3/84 қаулысымен БЕКІТІЛДІ
Ақкөл ауданы аумағанда 2006 жылғы көктемгі су тасқынын дайындықпен және апатсыз өткізу жөніндеғі ІС-ШАРАЛАР
№
Іс - шаралар
Орындалу
мерзімі
Орындауға
жауаптылар
1.
Қала мен селолық елді мекен үйлерін, су алып кетуден сақтандыру жөнінде қажетті шаралар қолдану
су тасу кезенінде
Қалалық және с/округтердің әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар, ауыл шаруашылығы құрылымдарың басшылары (келісім бойынша)
2.
Кәсіпорындар мен шаруашылық басшылары, су тасқыны шараларын өткізу үшін ЖЖМ-дың қажетті қорын жасасын
су тасу кезеңінде
Қалалық және с/округтердің әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, ӨЖБ (келісім бойынша)
«Ақкөл нефтебазасы» ЖШС (келісім бойынша)
3.
Қалалық және селолық округтердің әкімдері, аудандық АҚ және ТЖ қызметі, кәсіпорындар мен ұйымдар, дайындық кезеңінде тексерсін және нақтыласын:
-су алып кету қаупі бар аудандар мен алаңдарды, су өткізуші ғимараттар санын;
-хабарландыру мен байланыс жүйелерінің дайындығы;
-су тоғандарының, плотиналардың, өзен арналарының жағдайын;
-қолданыстағы бар жүзу құралдарының дайындығын;
-су тасқыны мен су алып кету жағдайындағы энергия-газ, су-жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеу дайынлығын;
-жол-көлік желілерінің жағдайын.
25.03.2006ж.
Қалалық және с/округтердің әкімдері, ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, аудандық кызметтер және АҚ пен ТЖ комиссиясы, телекоммуникация торабы (келісім бойынша), «Тепловодсервис» ЖШС (келісім бойынша), «Ақкөл құрылыс сервис» ЖШС (келісім бойынша), Ақкөл аудандық электр желілері (келісім бойынша), «Алесеевкарайгаз» ЖШС (келісім бойынша)
4.
Қала мен ауданның елді мекендеріндегі темір жол, автожолдар, көпірлер табаны астындағы су өткізуші ғимараттарды тазалау
23.03.2006 ж.
Қалалық және с/округтердің әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, ӨЖБ (келісім бойынша), Ақкөл стансасы (келісім бойынша)
5.
Астықты сақтау мақсатында астық сақтау қоймасын су алып кетуден, су тасқынынан қорғау жөнінде шаралар қабылдау
су тасу сезеңінде
Ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, ауданның шаруашылық басшылары (келісім бойынша), «Астық қоймалары» ЖШС (келісім бойынша)
6.
ТЖ-ды жоюға автокөлік резервін анықтау
су тасу сезеңінде
Қалалық және с/округтердің әкімдері, «Автотранс» ЖШС (келісім бойынша), ӨЖБ (келісім бойынша)
7.
Су тасу мүмкіндігі туралы радио мен баспа беттерінде үнемі жариялап, хабарлап тұру
су тасу сезеңінде
Қала әкімі, аудандық АҚ және ТЖ қызметі, «Знамы Родины» газетінің редакциясы (келісім бойынша)
8.
Су тасуға қарсы комиссия мүшелері құрамының кезекшілік кестесін әзірлеу және бекіту
23.03.2006 ж.
АҚ және ТЖ қызметінің маманы
Аббревиатуралардың мазмұнын ашу:
АҚ - азаматтық қорғаныс;
ТЖ - төтенше жағдайлар;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ӨЖБ - өндірістік жол басқармасы.