Об установлении ставок платежей за загрязнение окружающей среды на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 462 бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының, 5 тармағына сәйкес Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары (А.Тойбаев), облыстық Мәслихаттың экономика, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және экология салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (С.Шөрегеев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 4
Алматы облыстық Мәслихатының
"Қоршаған ортаны ластағаны үшін
2006 жылға арналған төлемақы
ставкалары белгілеу туралы"
2006 жылғы 25 сәуірдегі
№ 27-198 шешіміне қосымша
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақысының
2006 жылға арналған ставкалары
теңге
Р/с
Көрсеткіштер
өлшем бірлігі
Уыттылық сыныбы
Төлем ставкалары
1.
Тұрақты көздерін атмосфераға ластаушы заттардың шығындылары
шартты тонна
271
2.
Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығындылары
- этильденбеген бензин үшін
тонна
402
- дизель отын үшін
тонна
550
- сұйытылған газ үшін
тонна
233
- авиакеросин үшін
тонна
233
3.
Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері
шартты тонна
6673
4.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру:
тонна
V
154
тонна
IV
308
тонна
III
616
тонна
II
2464
тонна
I
4928
5.
Күл шлактары, шлактар, шламдар
тонна
IV
307
6.
Байыту қалдықтары
тонна
IV
1,9
7.
Қатты тұрмыстық қалдықтар
тонна
V
154