Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштеріне, басқа әскерлеріне және
әскери құрылымдарына 2006 жылдың
сәуір-маусымында азаматтарды кезекті
шақыру жүргізуді ұйымдастыру және
қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Занының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік
және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің
«Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерғен мерзімді әскери қызметтегі
әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығын орындауда, Лисаков қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру комиссиясының жұмысы үйымдастырылсын және
шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жок
18-ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті
шақырылуы 2006 жылдың сәуір-маусымында жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру жүргізу кезеңіне қалалық шақыру комиссиясының құрамы
1- қосымшаға сәйкес құрылсын және қалалық медициналық комиссияның
құрамы 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Шукуров А.А.) шақыру науканын жүргізу
үшін шақыру кезеңіне әскери есепке алу жөнінде мамандарды тарту
ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Лисаков қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнына (Ғалымжанова Ф.К.) (келісім бойынша), "Лисаков
қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына
(Нұрмадиев А.М.) (келісім бойынша), "ТЭС Медикал" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне (Осипов С.Ф.) (келісім бойынша) - Қазақстан
Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жасалған
2006 жылғы 20 ақпандағы № 23, 2006 жылғы 20 ақпандагы № 24 қызмет
көрсетуге арналған шарттары және өткізілген конкурстарының негізінде
ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қалалық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін
дәрігер- мамандарын бөлу;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясымен жіберілген әскерге шақырушыларды
тексеру жүргізу;
Тармақша 3
3) стационарлық тексеріс жүргізу үшін кереуеттің қажетті санын бөлу;
Тармақша 4
4) "Лисаков қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны (Нүрмадиев А.М.) (келісім бойынша) әскерге шақырудан кейінге
қалдыру алған әскерге шақырушыларға және емдеуден өткендерге берілген
кесілген талондарды "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беру.
Тармақ 5
5. Октябрь поселкесінің әкімі Роот В.А., Красногор селосының әкімі
Бекешева А.З. әскерге шақырушыларды шақыру комиссиясын өту үшін
жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. "Лисаков қалалық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне
(Айсин Т.М.) (келісім бойынша) үсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушылардьі қаланың автовокзалынан облыстық
жинақтау пунктіне жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін
қызметкерлердің қажетті санын бөлу;
Тармақша 2
2) "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Шукуров А.А.) (келісім бойіэінша) бірлесе
отырып, әскерге шақырушылардың хабарландыру және іздестіру тобын құру;
Тармақша 3
3) алыс-беріс жазылатын шақыру қағазын алғаннан кейін, мерзімді
әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді шақыру пунктіне
жеткізу жұмысын үйымдастыру.
Тармақ 7
7. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Шукуров А.А.) (келісім бойынша),
«Лисаков қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Ляшенко Л.С.), "Лисаков қаласының дене тәрбиесі және спорт болімі" мемлекеітік
мекемесіне (Калугина Н.А.) Қазақстан Репсубликасының Қарулы Күштері
қатарына әскерге шақырушыларды салтанатты шығарып салуды
ұйымдастыру және өткізу үсынылсын.
Тармақ 8
8. "Лисаков қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ткалич
Г.В.) шақыру комиссиясын жүргізу үшін 2006 жылға арналған қалалық
бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалар бойынша ақшалай қаражаттар
бөлсін.
Тармақ 9
9. "Қостанай облысы Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Шукуров А.А.) 2006 жылғы 25
маусымға дейінгі мерзімде осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылғаы
жұмыс туралы ақпаратты қала әкіміне беру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары
А.П. Сенчевке жүктелсін.