О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан, являющимися собственниками частных домов, на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
Жеке меншік үйлерінің иесі болып табылатын зейнеткерлерге бау-бақшаларын суару үшін 2006 жылға суға жәрдемқаржы беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына және 2005 жылғы 9 желтоқсандағы Екібастұз қалалық мәслихатының (Ш шақырылған кезекті ХХП сессия) "Екібастұз қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" № 264/22 шешіміне сәйкес, түрғындардың әлеуметтік әлсіз бөлігін қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е. Г. Асташова) бау-бақшаларын суару үшін қолданылған суға жәрдемқаржы (бүдан әрі- Жәрдемқаржы) берсін.
Тармақ 2
2. Жәрдемқаржыны алуға жеке меншік үйінің жанында бау-бақшасы бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер қүқылы екендігі белгіленсін.
Жеке меншігінде саяжай учаскесі және бау-бақшасымен жеке меншік үйі бар (немесе оны 2006 жылы пайдаланушылар) зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер бір ғана Жәрдемқаржы алуға қүқылы.
Жеке меншігінде екі немесе одан көп бау-бақшалы жеке меншік үйлері бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер бір ғана бау-бақшалы жеке меншік үйіне Жәрдемқаржы алуға қүқылы.
Тармақ 3
З. Жәрдемқаржы суару суы қүнының 50% мөлшерінде берілсін.
Тармақ 4
4. 0сы қаулының 1 тармақ 1 тармақшасында көрсетілген азаматтар Жәрдемқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес, белгіленген үлгідегі өтініштерімен "Екібастұз қаласы әкімдігінің жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолығуы қажет.
Тармақ 5
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің дербес есеп шоттарына аударсын.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру қаланың 2006 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Ш. Балтабековаға жүктелсін.