2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (М. Ғ. Ғабдушев) Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті шақыру туралы Жарлығына сәйкес, шақыру күніне 18-ге толған, сондай-ақ шақыруды кейінгі қалдыру құқығынан айырылған жоғары жастағы ер азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымы, қазан-желтоқсаны ішінде мерзімді әскери қызметке шақырсын және оларды белгіленген мерзімде әскерге жөнелтсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін. (№1 қосымша).
Тармақ 3
3. 2006 жылғы шақыру кезеңіңе аудандық медициналық комиссиясының құрамы бектілсін (№2 қосымша)
Тармақ 4
4. Переметный (А.Р. Тугушев) және Дарьян (Е.В. Тоқсанов) аумақтық медициналық бірлестіктері (бұдан әрі-АМБ):
Тармақша 1
1) медициналық комиссияны медициналық-санитариялық жабдықтармен, құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелеріне жіберілген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерілуің және емделуін қамтамасыз етсін. Осы мақсатқа қажетті төсек орындарын бөлсін;
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (бұдан әрі-АІІБ) (Б.С. Аймурзин), Приурал полиция бөлімінің басшысы (Ш.К. Айтқалиев):
Тармақша 1
1) тіркеу кезінде шақыру участкелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақырудан жалтаратын адамдарды анықтау және іздестіру бойынша шаралар алсын.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Е.П. Чирова) ауданның қорғаныс істері жөнендегі бөлімінің өтініші бойынша көктемгі және күзгі шақырудың бүкіл кезеңіне қажетті мөлшерде техникалық қызметкерлерді бөлсін.
Тармақ 7
7. Ауылдық округтердің әкімдеріне, меншік түрі мен ведомстволық бағынушылығына қарамастан кәсіпорын, мекеме және ұйым басшылары шақырылушылардың шақыру комиссиясына және облыстық жинақтау пунктіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету, шақырылушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына салтанатты жағдайда шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Медициналық комиссияны өткізу кезінде 2003 жылы запасқа шығарылған әскери міндеттілердің қайта куәландыруы өткізілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы майор М. Ғ. Ғабдушевқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы шақырудың қорытындысы тұралы ақпаратты аудан әкімдігіне 2006 жылдың 1 шілдесіне және 30 желтоқсанына тапсырсын.
Тармақ 11
11. 2005 жылғы 7 мамырдағы № 20 аудандық «Ауыл тынысы» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің «2005 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2005 жылғы 25 наурыздағы № 121 тіркеу 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 7-7-1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Басқа 16. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімінің 2006 жылғы «02» маусымдағы №213 шешімімен бекітілген №1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының құрамы Мадьяр Ғапарұлы Ғабдушев – комиссия төрағасы, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы; Армат Амангелдіұлы Байғазиев – комиссия төрағасының орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; Юрий Александрович Гуляев – комиссия мүшесі, ауданынының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары; Сапар Көпболсынұлы – комиссия мүшесі, АІІБ өкілі, Переметный аулы; (келісім бойынша); Ринат Ғабдулқакімұлы Кушекпаев – комиссия мүшесі, АІІБ өкілі, Дарьян аулы (келісім бойынша); Вера Михайловна Савельева – медициналық комиссияның төрайымы, Переметный ауылы; Надия Абриковна Ахметова – медициналық комиссияның төрайымы, Дарьян ауылы; Надежда Яковлевна Ищенко – комиссия хатшысы, Переметный ауылы; Қамия Төребекқызы Жулаева – комиссия хатшысы, Дарьян ауылы.
Басқа 17. 2006 жылғы шақыру кезеніне аудандық медициналық комиссиясының құрамы
Аудан әкімінің 2006 жылғы «02» маусымдағы №213 шешімімен бекітілген №2 қосымша 2006 жылғы шақыру кезеніне аудандық медициналық комиссиясының құрамы Дәрігер-хирург – Үркен Менжасарұлы Әдиетов Юрий Есенғазиұлы Саримов Дәрігер невропатолог – Светлана Петровна Васенко Любовь Яковлевна Барахта Дәрігер-дерматолог – Наталья Алексеевна Кукленко Валентина Николаевна Кузнецова Дәрігер-терапевт – Елена Владимировна Колпакова Жанна Сабырәліқызы Бисембаева Көз-дәрігіер – Любовь Радионовна Чернышова Мәрия Файзулқызы Өміралиева Тіс-дәрігер – Айсұлу Аскенқызы Қожмақова Валентина Ивановна Есена Дәрігер-ортоларинголог – Қойсын Ғилманқызы Аюпова Наталья Евгеньевна Карабасова Дәрігердің көмекшісі-психиатр – Галина Иавновна Саяпина Дәрігер-психиатр – Надежда Петровна Карабасова Дәрігер-фтизиатр – Қойсын Ғилманқызы Аюпова Өмірбек Төменбайұлы Матаев