О проведении очередного призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер жәңе әскери қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына кезекті жедел әскери қызметке шақыру және жедел әскери қызметтегі, әскери қызметтік мерзімін өтеген әскери қызметкерлерді қорға жіберу туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттіқ басқару туралы» Заңының орындалуы барысында, жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру үшін Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылдың сәуірінен маусымына және қазанынан желтоқсанына әскерге шақыру қүніне дейін 18 жасқа толған ер азаматтарды, әскерге шақырудан қалдыру құқығы жоқ, сонымен қатар әскерге шақырудан қалдыру құқығынан айрылған егде жастағы азаматтарға жедел әскери қызметке шақыру өткізілсін.
Тармақ 2
2. Кезекті жедел әскери кызметке шақыруды өз уақтында және сапалы өткізу үшін келесі құрамдағы аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Тармақша 1
1) Қ.Б.Әбішев - Абай ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Н.М.Тлесов - Абай ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 3
3) О.В.Зубков - дәрігер-хирург, медицина комиссиясының төрағасы;
Тармақша 4
4) Е.М.Саукомбеков - Абай аудандық ішкі істер Басқармасы бастығының орынбасары;
Тармақша 5
5) М.Д.Сарсенбаева - комиссия хатшысы.
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 21, 22, 23, 27, 28 бабтарының талаптарын қатаң басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясының барлық мүшелері комиссия жұмысы кезінде жұмысынан және қызметтік міндеттерін орындаудан босатылсын.
Тармақ 5
5. Шақыру комиссиясының төрағасы (Қ.Б.Әбішев) комиссия отырысы кезінде құрамның толық болмауына жол бермеуді және «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары (Н.М.Тлесов) комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарсын және әскерге шақыруды жүргізсін.
Тармақ 7
7. Комиссия төрағасы (Қ.Б.Әбішев) әскерге шақырылғандарды дәрігерлік тескеруден өткізу үшін:
Тармақша 1
1) құрамы 8 адамнан тұратын, жұмыс орны, атқаратын қызметі және орта еңбекақысы сақталған, тәжірибелі дәрігерлерді қамту;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, құралдармен медициналық және шаруашылық заттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) емдеу-сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеруге жіберілген әскерге шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауға, медициналық тексеруден өту үшін бос жататын төсек-орын дайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жедел әскери қызметке шақырудың аяқталуына байланысты емдеуді қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне бекітіп, кезекті шақыруға дейін азаматтарды емдеу жүргізу.
Тармақ 8
8. «Абай қаласындағы қалалық орталық емханасының» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры (А.Б.Төлекин), «Абай ауданының аудандық медициналық бірлестігінің» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынының директоры (Н.Г.Белан) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес аудандық емдеу мекемесі арқылы шақырылғандарға қажетті анализдер жүргізу, кеуде қуысы клеткасы флюрографиясын, жүрек электрокардиограммасын тексеруді жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Ауыл аймақтар және кент әкімдеріне, білім бөлімінің және тағы басқа да меқемелер басшыларына, меншік қалдына қарамастан міндеттелсін:
Тармақша 1
1) іс-сапарда, еңбек демалысында жүрген әскерге шақырылғандарға шақыру ұйымдастырып, олардың шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз ету міндеттелсін;
Тармақша 2
2) Жедел әскерғе шақырылғандармен толық есеп айырысып әскерге шығарып салу салтанатты түрде ұйымдастырылсын.
Тармақ 10
10. Абай ауданы әкімінің орынбасары (Н.В.Сергеева), Абай ауданы әкімінің орынбасары (Ш.Қ.Тәнкебаев), аудандық қаржы бөлімінің бастығы (С.Ә.Садық) Қазақстан Республикасындағы «Әскери міндеттер және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабына сәйкес, азаматтарды шұғыл әскерге шақырумен байланысты өтілетін «Жалпыға бірдей әскери міндеттілікті орыңдау шеңберіндегі шаралар» бағдарлама бойынша шараларды бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етуді жүргізсін.
Тармақ 11
11. Аудандық ішкі істер Басқармасының бастығы (Т.Ә.Оспанов):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылғандарды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың көктемгі және күзгі әскерге шақыру кезеңіне Қазақстан Республикасы қарулы күштеріне шақырылудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруге Абай ауданы ішкі істер Басқармасының үш қызметкерлерін бекітсін.
Тармақ 12
12. Шақырудан бас тартқан және шақыруға келмеген әскерге шақырылғандарды сапалы іздестіру жүргізу үшін, іздестіру тобы құрылсын, іздестіру тобының басшысы әскерге шақыру және әскери қызметкерлерді әскери қызметке келісім шарт бойынша жинақтау бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы М.Ә.Оспанов, іздестіру тобына аудандық ішкі істер Басқармасының өкілі Т.Т.Құрмашев және шақыру учаскесінің коменданты қатыстырылсын.
Тармақ 13
13. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «2006 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» № 09/03 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 14
14. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ш.Қ.Тәнкебаевқа жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Абай ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Б.Әбішев 16.05.2006 ж. «Абай ауданы аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н.Г.Белан 16.05.2006 ж. Абай ауданық ішкі істер Басқармасының бастығы Т.Ә.Оспанов 16.05.2006 ж. «Абай қаласы орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры А.Б.Тулекин 16.05.2006 ж.