Об утверждении Перечня целевых групп населения на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының 2006 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7 - баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 - бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарының 2006 жылға арналған Тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арқалық қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 106 «Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 3361, қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Н. Назароваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы қабылданған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Халықтың нысаналы топтарының 2006 жылға арналған
Тізбесі
Арқалык қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 252
қаулысына қосымша
Халықтың нысаналы топтарының 2006 жылға арналған
Тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз азаматтар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері катарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі бастауыш, орта, жоғары кәсіби бөлімдері бар түлектер, курстық даярлықтан өткендер.
Тармақ 12
12. Елу жастан аскан адамдар.
Тармақ 13
13. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар.