О проведении призыва на срочную военную службу граждан призывных возрастов в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мағжан Жұмабаев ауданында 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркелген 1979-1988 жылдары туған әскер жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, бұрын ауырған және кемшіліктеріне байланысты қатардағы қызметке жарамсыз деп танылған, қазір емделіп қатардағы қызметке жарауына байланысты, 1 және 2 разрядтты запастағы әскери міндеттілерге (офицерлерге, прапорщиктарға, сержанттарға және запастағы солдаттарға) жоспарлы қайта куәландыру жүргізу.
Тармақ 2
2. Ауданда әскерге шақыруды жүргізу үшін мына құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:
Ғабдуллин Дулат Бекейұлы - аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы
Бажник Галина Николаевна – аудан әкім аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері
Нұрпейісов Манарбек Хайыртайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Учайкина Галина Васильевна - орталык аудан ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрағасы
Донова Людмила Николаевна - орталык аудан аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының қандай да бір мүшелері міндеттерін атқару мүмкіндігі болмай қалған жағдайға, резервтік комиссия құрамы құрылсын:
Егоров Александр Петрович - әскерге шакыру және келісім шарт бойынша әскер қызметшілілерін жинау бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Герасимова Ираида Ивановна - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия шрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Белокурова Татьяна Петровна - орталық аудан аураханасының дәрігер-терапевті
Бейсенбаев Ақылбек Балтабайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары
Кудрявцева Валентина Николаевна - орталық аудан ауруханасының физиокабинетінің медбикесі комиссия хатшысы
Тармақ 4
4. Шақыру комиссиясы Булаев қаласының Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пункітінде жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Орталық аудан ауруханасының бас дәрігері В.В.Уваров медициналық жабдықтарды қалпына келтірсін және жүректіц электрокардиограммасын, лабораториялық, флюорографиялық, рентген зерттеулерін жүргізу үшін құралдарға қажетті мөлшерде жөндеулер жүргізсін.
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдері, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жетекшілері Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліммен белгіленген мерзімге шакырылушылардың келуі туралы.
Хабарландыруды ұйымдастырып, уақытында келуін камтамассыз етсін.
Тармақ 7
7. «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру науқанын жүргізу кезіне 5 адаммен жеке еңбек шартын жасасын. Еңбекақысы штаттық кестеге сәйкес төленсін және автокөлікті жалға алу үшін қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық ішкі істер бөлімі (А.А. Тастеміров) өз құзыры шегінде әскери қызметке шақырылудан бас тартқандардың жеткізілуін және де шақырылушыларды әскери бөлімдерге жіберген кезде қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салысын.
Тармақ 9
9. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы М.И.Омарова бөлінген қаражат шегінде шақыру науқанын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Қ.Б.Төреноваға жүктелсі
КЕЛІСІЛДІ:
Корғаныс істері жөніндегі
бөлімнің бастығы
Д.Ғабдуллин
24.04.2006 ж.
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
А.Тастеміров
24.04.2006 ж.
Орталық аудан ауруханасының
бас дәрігері
В.Уваров
24.04.2006 ж.