О ставках платы за размещение наружной (визуальной) рекламы, размещаемой в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования местного значения и в населенных пунктах на 2006 год по Бородулихинскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бородулиха ауданы бойынша 2006 жылға арналған жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының бұрылыс жолағына (визуалды) жарнамаларды орналастыру үшін белгіленген төлемақылар мөлшері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 15-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 491- бабының 2 - тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының бұрылыс жолағына сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру үшін белгіленген төлемақылар мөлшері ұсынылған қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бородулиха ауданы бойынша салық комитетіне (М. Аргумбаев), ауылдық, кенттік округтердің әкімдеріне, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне (Г. Омарова) жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының бұрылыс жолағына сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру үшін белгіленген төлемақылар мөлшері уақытында және дұрыс есептелуіне бақылау жасау жұмыстарын жеделдету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Шешім Бородулиха ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
Басқа 4. Жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының бұрылыс жолағына сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру үшін белгіленген төлемақылар мөлшері
Бородулиха аудандық мәслихаттың 2006 жылғы XXI сессиясының шешіміне № 1 қосымша Жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының бұрылыс жолағына сыртқы (визуалды) жарнамаларды орналастыру үшін белгіленген төлемақылар мөлшері 1 шаршы метр алаңға дейін —150 теңге ай сайын 1 ден - 2 шаршы метрден жоғары- 300 теңге ай сайын 2-ден 3 шаршы метрден жоғары -500 теңге ай сайын 3-ден 5 шаршы метрден жоғары -500 теңге ай сайын Жарнамалық акпараттың көлемі 5 шаршы метрден жоғары алаңда орнатылған кезде, алаңның ұлғаюына байланысты ай сайынғы төлемақы мөлшері пропоционалды түрде жоғарылайды. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі бастығының міндетін атқарушы: Г. Омарова