Об организации работы оборонно-спортивного оздоровительного лагеря «ОСОЛ-2006» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қорғаныс - спорттық сауықтыру «ҚССЛ - 2006» лагерінің жумысын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы «Алғашқы эскери даярлық туралы» № 1340 қаулысына сәйкес оқушылардың алғашқы әскери даярлық (АӘД) бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибелік бекіту, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында Шемонаиха ауданының экімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ю. Гагарин атындағы № 3 орта мектеп базасында 2006 жылғы 5-нен 9-шы маусым аралығына «ҚССЛ - 2006» қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің жұмысы ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. «ҚССЛ» штаты косымшаға сэйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық білім беру бөлімінің бастығына (Т.Д Колтунова), корғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастыгына (подполковник В. Андинов, келісім бойынша) жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен «ҚССЛ» өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін жэне алғашқы әскери даярлықтан өтпеген жасөспірімдердің жиындардан өтулері үшін шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. «Шемонаиха АОА» КМҚК бас дәрігеріне (Т.М.Абайделдінов) лагерлік жиындарды өткізу кезеңінде «ҚССЛ» медицина кызметкерлерімен, тиісті дэрі- дәрмектермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық білім беру бөлімінің бастығына (Т.Д. Колтунова):
Тармақша 1
1) жиынды өткізу ұйымдастырылсын, оқушыларды орналастыру мәселелері шешілсін;
Тармақша 2
2) лагердің жұмысы кезеңінде автобустың бөлінуі қамтамасыз етілсін;
Тармақша 3
3) жасөспірімдермен сапалы жаттықтыру өткізу үшін қажетті оку-әдістемелік базасы дайындалсын.
Тармақ 6
6. Шемонаиха АІІБ бастығына (подполковник С.Х. Қайпеков, келісім бойынша) лагерлік жиын өткізу кезеңінде қоғамдык тэртіпті сактау қамтамасыз етілсін, осы максаттар үшін полиция қызметкері бөлінсін.
Тармақ 7
7. Мэдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығына (Ә.К.Селтеева), дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының міндетін атқарушыға (Г.Г.Забожец) жоспар құрылсын және лагерлік жиын өткізу кезеңінде мәдени-спорттык іс- шаралар өткізілсін.
Тармақ 8
8. Аудандык оқу мекемелерінің бастықтары оқушылар жиындары өткізілетін орындарға мезгілінде жеткізсін, лагерлік жиын аяқталғаннан кейін, окушылардың мезгілінде қайтарылуын ұйымдастырсын, оқушыларды тасымалдау кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қабылдасын.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (Н.Р Крузмягина) қаржыландыру «Шемонаиха ауданы әкімінін аппараты» ММ арқылы 360 000 теңге (үш жүз алпыс мың) сомасында жүргізілсін.
Тармақ 10
10. Осы кауліынын орындалуыца бақалау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Беляеваға жүктелсін. Келісілді: Шемонаиха аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы B. Андинов Шемонаиха АІІБ бастығы С. Қайпеков «Шемонаиха АОА» бас дәрігері Т. Абанделдінов
Басқа 14. «ҚССЛ - 2006»
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2006 жылгы 01 маусым № 1596 қаулысына қосымша «ҚССЛ - 2006» ШТАТ КЕСТЕСІ № Қызмет атауы Саны 1. Лагерь бастығы 1 2. Оқу - әскери дайындық жөніндегі бастықтын орынбасары 1 3. Лагерь бастыгының оқу - тәрбие жөніндегі орынбасары 1 4. Лагерь бастығының шаруашылық бөлігінің орынбасары 1 5. Рота командирлері 2 6. Взвод командирлері 8 7. Штаб бастығы 1 8. Медицина қызметкері 1 9. Взводтар командирлерінің орынбасарлары 7 ЖИЫНТЫҒЫ 23 бірлік Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Қалиева