О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2006 жылдың 18 сәуіріндегі №96 Жарлығына сәйкес 2006 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мерзімді әскери қызметке және әскерге жіберу 2006 жылғы сәуірден маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін 1988 жылы туған және шақыру мерзімін ұзарту уақыты аяқталған шақыру жасы үлкен азаматтарды шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шақыру комиссиясының жұмысы кестесі 2 қосымшаға бекітілсін.
Тармақ 4
4. Шақыруды жүргізу уақытына Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - ММ) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бес адамнан тұратын техникалық қызметкерлерді (келісімі бойынша) бөлсін.
Тармақ 5
5. Селолық округтер, Шортанды, Жолымбет және Научный кенттерінің әкімдері, ұйымдар басшылары (келісімі бойынша), ауданның оқу бөлімдерінің басшылары шақыру комиссиясына шақырылушылардың келуін және оларды автокөлікпен шақыру пунктіне жетуін, шақыру комиссияларының кестесіне сәйкес облыстық бақылау медициналық комиссиясына, әскерге жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» ММ (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруды жүргізу үшін шақыру пунктін қажетті тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ауданның емдеу мекемелерінің стационарында шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді жүргізу үшін жататын орындар резервін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауданның емдеу-профилактикалық мекемелері арқылы кеуде талшықтарының флюорографияның, жүректің электрокардиаграммасын жүргізу және Шортанды ауданының қорғаныс істері бөлімінің жоспары және есебіне сәйкес тіркеуге жататын барлық азаматтардың тексеруден өтуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) шақыру комиссиясын қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) шақырылушыларды тексеру үшін рентген үлдірлерінің резервін алып және олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселені шешу.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бұрын сотталған, қылмыстық жазасын өтеп жатқан, қоғамға жат және басқа қылмыстары үшін сот және тергеу жүріп жатқан шақырылушылар туралы хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылғандарды шақыру уақытына және әскерге жіберу уақытына шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери міндеттен жалтарушы тұлғаларды іздеуді жүргізсін;
Тармақша 4
4) шақыру уақытына шақыру пунктінде тәртіпті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кестеге сәйкес кезекші наряд бөлсін.
Тармақ 8
8. Шортанды ауданының «Қаржы бөлімі» ММ қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің өтінімі бойынша белгіленген мерзімде жергілікті бюджетте көзделген көлемде шақыруды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Шортанды ауданы әкімдігінің «Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке 2005 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды жүргізу туралы» 2005 жылғы 15 маусымдағы №а-3/132 қаулысы, Шортанды ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 5 шілдедегі №1-18-3 тіркелген, аудандық «Вести» газетінде 2005 жылғы 23 шілдеде №29 жарияланған қаулысы күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулы 2006 жылғы 21 сәуірде туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 11
11. Шортанды ауданы әкімдігінің «2006 жылдың сәуір маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» 2006 жылдың 19 сәуіріндегі №а-2/82 қаулысы күшін жойсын.
Тармақ 12
12. Қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Басқа 23. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Шортанды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «24» 05 №А-3/103 қаулысына №1 қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Асылбеков Ержан Сансызбайұлы капитан, Шортанды ауданының қорғаныс істері бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы Ыранов Қайрат Ұлықпанұлы «Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімі», ММ-нің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Алиев Алтай Бекболатұлы полиция майоры, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Құдабаева Бәтен Базылқызы кеңестік-диагностикалық емхана меңгерушісі, аудандық медициналық шақыру комиссиясының төрайымы Ахмедьянова Ғалия Қонқақызы орталық аудандық аурухананның салауатты өмір салты кабинетінің дәрігері, аудандық шақыру комиссиясының хатшысы
Басқа 24. Шақыру комиссиясын жүргізу кесте
Қосымша №2 Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «24» 05 №А-3/103 қаулысымен бекітілді Шақыру комиссиясын жүргізу кесте № Селолық округтер және кенттердің атауы Азамат тар саны Апта күндері 24.04.06 25.04.06 26.04.06 27.04.06 28.04.06 1 Андреевка 15 15 2 Дамса 28 28 3 Елизаветинка 25 10 15 4 Жолымбет 35 35 5 Казцик 18 18 6 Новокубанка 13 13 7 Новоселовка 22 22 8 Научный 18 18 9 Пригородное 14 14 10 Петровка 14 14 11 Раевка 18 18 12 Шортанды 30 18 12 Барлығы 250 50 50 50 50 50