Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасың Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2006 жылдын сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті әскерге шақыру туралы» Жарлығын, Қостанай облыстық мәслихаты және Қостанай облысының әкімі 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды ұйымдастыруды және қамтамасыз ету туралы» 2006 жылдың 02 мамырдағы мемлекеттік тіркеу № 3547 шешімін орындау мақсатында Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин аудандық шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыру күніне 18-27 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа әскерлеріне және әскери құрамаларына кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында қамтамасыз етілсін;
Тармақ 2
2. Ауылдық округ, село әкімдеріне және мекеме ұйымдардарының басшыларына «Жангелдин аудандық Қорғаныс Істері бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Шақыру комиссиясына шақырылған және «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі есепте тұратындардың қажетті құжаттарын сапалы түрде тапсыруын қадағалау ұсынылсын;
Тармақ 3
3. Жангелдин аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (Ә. Жаулыбаев) шақыру комиссиясына шақырылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру, жетіспейтін дәрігер мамандарды сұраныспен Қостанай облыстық денсаулық сақтау Департаментінен алдыру және кіші медициналық қызметкерлерімен қамтамасыз ету ұсынылсын;
Тармақ 4
4. «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Л. Зейнекина) 2006 жылдың жергілікті бюджетінде қаралған шығыс қаржылары есебінен шақыру комиссиясының жұмыстарын сапалы өткізу үшін шақыру пунктін жабдықтауға, материалдық техникалық, кеңсе жабдықтары және шақыру пунктін ағымдағы жөндеуден өткізуге «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен каржы бөлу мүмкіндігін қарастырсын;
Тармақ 5
5. «Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастыгы (Ә. Кенжегарин), «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ж. Кутаяков) бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстау, ұсталғандарды жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу осы кісілердің есебінен жүргізу ұсынылсын;
Тармақша 2
2) Қостанай облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды тасымалдаған кезде және аудандық шақыру комиссиясының дәрігерлік бақылау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полицияның тәулік бойғы нарядын бөлу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (М. Искаков) алты айға «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2 техникалық қызметкер жіберу міндеттелсін;
Тармақ 7
7. «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (С. Бекмурзин) әскери қызметті өтеу үшін әскер қатарына жіберілетін әскерге шақырылушыларға салтанатты шығарып салу іс-шараларын ұйымдастырсын;
Тармақ 8
8. Атқарылған жұмыстар туралы «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2006 жылдың 30 маусымы және 2006 жылдың 30 желтоқсанына дейін ақпарат берілсін;
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін;
Тармақ 10
10. Осы қаулы қолданысқа 2006 жылдың 2 мамырынан бастап енгізілсін.
Басқа 13. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі Жангелдин аудандық комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 12 мамырдағы
№ 117 қаулысына
қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі Жангелдин аудандық комиссиясының құрамы
1. Кутаяков Жунус Мукатович - «Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы
2. Бекмурзин Сайлау Сейітбекович - «Жангелдин ауданының ішкі-саясат бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
3. Турмат Алмас Амантайұлы - «Жанкелдин аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің қызмет істері жөніндегі орынбасары
4. Латып Әділхан Әнуарбекұлы - Жанкелдин аудандық орталық ауруханасының дәрігері,
медициналық комиссияның төрағасы
5. Әкімжанова Ұлжалғас Тайғарақызы - Жанкелдин аудандық орталық ауруханасының медбикесі,
комиссия хатшысы