Об организации и проведении учебно-полевых сборов в оборонно-спортивном оздоровительном лагере с юношами допризывного и призывного возраста в 2006 году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы әскер қатарына шақыруға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы жасөспірімдермен қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде оқу-дала жиынын ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 374 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2005 жылдың 5 маусымынан 9 маусымы аралығында Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Достық» балаларды сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны базасында әскер қатарына шақыруға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы жастармен оқу-дала жиыны ұйымдастырылсын және өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт және шақыру бойынша әскери қызметкерлерді қабылдау бөлімінің бастығы А.А.Шалыгин (келісім бойынша), жиынның бастығы болып тағайындалсын және «Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы В.А. Гладенко (келісім бойынша), қорғаныс спорттық лагерінің бастығы болып тағайындалсын.
Тармақ 3
3. «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Б. Даумова (келісім бойынша) 10 сынып оқушыларын оқу-дала жиынына дайындауды ұйымдастырсын және қорғаныс спорттық лагеріне белгіленген уақытында келуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы З.Ш.Төребаева, корғаныс-спорттық лагерін ұйымдастыру және еңбекақы төлеу үшін, оқу мекемелерін ұстауға бюджеттен бөлінетін қаржы шегінде шығындарды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Село, поселкелік және селолық округтер әкімдері ауданның оқу мекемелерінде бұрын бастапқы әскери дайындықты өтпеген жастардың қорғаныс-спорттық сауықтыру лагеріне келуі және жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. «Әулиекөл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Е.Ғ.Дүйсеновке (келісім бойынша) жиын өткізілетін аймақта санитарлық талаптардың сақталуын, асхананың тазалық жағдайын және тағамды сапалы түрде дайындауды қатаң түрде бақылау қоюды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысының денсаулық сақтау Департаменті «Әулиекөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С.В. Шульгинге (келісім бойынша) жиын өткізілетін уақытта медициналық қызметкерлермен бірге автокөлік бөлсін, дәрігерлік пункт ашсын және оның жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Қостанай облысының Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.А. Рысбаевқа (келісім бойынша), оқу-дала жиыны өткізілетін мерзімде лагерь аумағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. «Әулиекөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы С.Ғ. Есенеевке жиынның өткізілу кезеңі барысына спорттық-бұқаралық шараларды жоспарласын. Президенттік тесті тапсыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. «Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Р. Дисенов (келісім бойынша), қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің әкімшілігіне жиынды ұйымдастыру және өткізу барысында көмек көрсету ұсынылсын. Қорғаныс-спорттық лагерінің оқу-әдістемелік жұмысын басқаруды жүзеге асырсын.
Тармақ 11
11. «Әулиекөл ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Қ.Рахымжанов (келісім бойынша) қорғаныс-спорттық лагерінде қазіргі қолданыстағы өрттен сақтану ережесін ұғындыру жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі № 263 «Әскер қатарына шақыруға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы жастармен оқу-дала жиынын ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысының (тіркеу нөмірі № 9714, аудандық «Әулиекөл» газетінің 2005 жылы 5 тамыздағы № 32 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Роза Сыздыққызы Нұғмановаға жүктелсін.
Тармақ 14
14. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.