Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін 2006 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Ресупбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармақ 13 тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бап 5-2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бап 1 тармағына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету және жұмысқа орналастыруда оларға қосымша кепілдіктер беруді қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Меншік түріне қарамастан Екібастұз өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санындағы үш пайыз мөлшерінде 2006 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Г.Асташова):
Тармақша 1
1) мүгедектерді квотталған жұмыс орындарында жұмысқа орналастыруға ықпал етсін;
Тармақша 2
2) белгіленген квота шегінде жұмыс орындарын толтыруға бақылау жасасын. З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш.Балтабековаға жүктелсін.