Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 2 мамырдағы 3547) сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1988 жылы дүниеге келген, сондай - ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек азаматтардың мерзімді әскери кызметке кезекті шақырылуы жөніндегі іс-шаралар 2006 жылғы сәуір - маусымында, қазан -желтоқсанында ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шақыру учаскелері мен жиналу пунктеріне жұмыс істеу үшін жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық жұмыскерлердің және кызмет ететін тұлғалардың, әскерге шақырылушыларды хабардар ету мен іздестіру тобы мүшелерінің, яғни осы азаматтарды жіберіп отырған ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын лауазымы және орташа жалақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Селолық округтер, Ұзынкөл селосы мен Троебрат селосының әкімдері:
Тармақша 1
1) шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың 100% толық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Қ.Қ. Ержанов) (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеңінде мыналарды орындау ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз ету және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық персонал мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындардың резерві болуы;
Тармақша 3
3) шақырылғандарға медициналық сараптама жүргізу үшін дәрігерлер мен орта дәрігер кызметкерлерді бөліп беру.
Тармақ 6
6. «Ұзынкөл аудандық статистика бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (С.С.Қонақбаев) (келісім бойынша), «Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селосының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкіміне (Б.Ә.Әміров), «Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағаты» «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің филиалының директорына (К.М.Асқаров) (келісім бойынша) барлық кезеңге техникалық қызметкер міндеттерін атқару үшін бір қызметкерден «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Ұзынкол аудандык ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (М.С. Даиров) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды жүргізу мен шақырылушыларды жөнелту кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) «Ұзынкол ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды шақыруды өткізуге және шақырылғандардың арасынан белгіленген әскери есептің ережелерін бұзғандарды анықтауға қажетті көмек көрсету;
Тармақша 3
3) әскери міндетін өтеуден жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді, оларды ұстап алып «Ұзынкөл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әкелуді жүргізу;
Тармақша 4
4) «Ұзынкол ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша әскерге шақырылғандар мен шығарып салушылар арасында тәртіп сақтау үшін полиция отрядын бөлсін.
Тармақ 8
8. «Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастықтың міндетін атқарушыға (Б.Д.Сәкенова) шақыруды ұйымдастыру және жүргізу және әскерге жіберу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен 105-004-000 «Әскери қызметке тіркелу және шақыру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша жүзеге асыру .
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2005 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-8, «Нұрлы жол» 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 51) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 қарашадағы №254 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы 2006 жылғы 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 98 қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының негізгі құрамы АНТИПОВ Вячеслав Анатольевич - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастық, комиссия төрағасы (келісім бойынша) АҒЫТЛЕВ Нұрым Сабырұлы - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, жалпы бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары НҰРМАҒАМБЕТОВ Қанат Абрайұлы - «Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бастыктың орынбасары (келісім бойынша) ВОЛГА Лариса Викторовна - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, жеткіншектер кабинетінің мейірбикесі (келісім бойынша) ЧИКИНАЕВ Құдайберген Шаймерденұлы - «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, хирург (келісім бойынша) ЖАРКИН Серғазы Амангелдіұлы - «Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, жұмылдыру дайындығы мен аймақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы бастық, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) ДЕМИН Юрий Васильевич - «Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, азаматтық қорғаныс жұмысын жұмылдыру және төтенше жағдай жөніндегі бас маман, комиссиясы төрағасының орынбасары ҚАПАРОВ Нұрлан Бағыткерейұлы - «Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы (келісім бойынша) ЗАБРОДИНА Тамара Ивановна - «Ұзынкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, медбике (келісім бойынша) ВАСИЛЬЕВА Лидия Яковлевна - «Ұзынкол орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, дәрігер-терапевт (келісім бойынша)