Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости на 2006 год по Жаркаинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Жарқайың ауданы бойынша 2006 жылдағы халықтың мақсатты топтарының жұмыспен қамтылуына көмектесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасынын «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сәйкес, мақсатты топқа кіретін және әлеуметтік қорғауды мейлінше мұқтаж ететін тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, сонымен бірге Қазакстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың мақсаты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін бекітілсін.
Тармақ 2
2. Державин қаласы мен ауылдық округтің әкімдері «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара карым - қатынаста болып, мақсатты топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын.
Тармақ 3
3. Ақмола облысының әділет Департаментінде 2005 жылдың 4 наурызында № 3052 болып тіркелген Жарқайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 40 «2005 жылға арналған мақсатты топтарды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша шараларды анықтау туралы» Қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.А. Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қаулы Жарқайың ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады.
Басқа 6. 2006 жылға мақсатты топтарға кіретін азаматтарды еңбекке орналастыру үшін Жарқайың ауданының ұйымдарының ТІЗІМІ
Жарқайың аудандық әкімдігінің
2006 жылдың 30.01
№ 11 қаулысымен бекітілген қосымша
2006 жылға мақсатты топтарға кіретін азаматтарды еңбекке орналастыру үшін Жарқайың ауданының ұйымдарының ТІЗІМІ