Об организации общественных работ в Жаркаинском районе 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы Жарқайың ауданында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемдекеттік басқару туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралары туралы» Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 7-8 тармақтарына сәйкес, тұрақты жұмыс орнын іздеуде қиыншылықтарға кездесуші жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды уақытша жұмыспен қамту үшін, сондай-ақ 2005-2007 жылдарға Жұмыспен қамту бағдарламасын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы Жарқайың ауданы ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастырылсын;
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген еңбекақының ең аз мөлшерінен кем емес көлемде жергілікті бюджет қаражаты есебінен және жұмыстың нақты орындалған көлемінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмысты қаржыландыру жұмыс берушілер қаражаты есебінен көрсетілген ұйымдардың бағалауына байланысты олардың сұраныстары бойынша жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмыскерлермен жеке - еңбек шарттары бекітілсін.
Тармақ 5
5. Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстың түрлері мен көлемі, сондай-ақ іске тартылған адамдардың саны мен жұмыстың орындалу айы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 6
6. Жарқайың ауданы әкімдігінің Ақмола облысы Әділет Департаментінде 2005 жылғы 04 наурызда № 3049 болып тіркелген 2005 жылғы 03 ақпандағы № 28 «2005 жылға қоғамдық жұмыс ұйымдастыру туралы» Қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 7
7. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары У. А. Ахметоваға жүктелінсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Жарқайың аудандық Әділет басқармасында Мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады
Басқа 9. Жарқайың ауданында 2006 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жөніндегі ШАРАЛАР
2006 жылғы «30» 01 № 12
«Жарқайың ауданында 2006 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» қаулысына
қосымша
Жарқайың ауданында 2006 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жөніндегі ШАРАЛАР
№
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Орындалған жұмыстың көлемі (мың тенге есебімен)
Қоғамдық жұмыстың ұзақтығы, мерзімі (айы)
Қоғамдық жұмысқа қатысушылардың саны
Барлығы
1.
Қала әкімінің аппараты ММ
1. Қоғамдық ой-пікір сұрау, халықты тізімін алды жүргізуге катысу
184,0
Қаңтар, ақпан
5
2. Әлеуметтік кәртішкелерді рәсемдеуде көмек көрсету
166,0
Қаңтар,Ақпан, шілде
6
3. Мемлекеттік мекемелер бойынша курьердік жүмыс
276,0
Ақпан, наурыз, қазан
5
2.
«Коммунсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК
1 Аумақтың көркеюі және экологиялық тазалау
1012,0
Қантар, ақпан, сәуір, шілде
57
2.Қаланы жайластыру және көгалдандыру
552,0
Сәуір,мамыр
45
3.Әлеуметтік-мәдени саладағы объектілердің құрылысына кайта өндеу және ағымдағы жөндеуге катысу, ғимараттарды бұзу, қираған үйлер мен ғимараттарды бұзу, қираған үйлер мен ғимараттар орнын тазалау, уақытша тоқтатып қою
736,0
Шілде , тамыз
40
4.Орталық алаңға мұз айданын тұрғызу
110,0
Желтоқсан
5
5. Жол шұңқырларын жөндеу, көшелерді қардан тазалау, тасқын суды өткізу, жолдардың бетін қоқыстан тазалау
184,0
Маусым, тамыз
10
4.
Ауылдық округтер
1. Аумакгың көркеюі және экологиялық тазалау
644,0
Сәуір, мамыр
48
2. Тұрғындарды тізімге алу
184,0
Наурыз, қыркүйек
3
3. Ауылды жайластыру және көгалдандыру /ағаш отырғызу/
276,0
Сәуір, мамыр
18
4. .Әлеуметтік-мәдени саладағы объектілердің құрылысына кайта өндеу және ағымдағы жөндеуге катысу, ғимаратгарды бұзу, қираған үйлер мен ғимаратгарды бұзу, қираған үйлер мен ғимараттар орнын тазалау, уакытша тоқтатып қою
460,0
Шілде, тамыз
25
5. Халық жасақшылары есебінде коғамдық тәртіп сақтауға іске тарту
184,0
Шілде,тамыз,қыркүйек
10
6. Қарттарға және жалғызбастыларға жағдай жасау
138,0
Тамыз,қыркүйек, қазан
5
7. Әлеуметтік кәртішкелерді рәсемдеуде көмек көрсету
110,0
Шілде, тамыз
3
8. Пошташы қызметінің орындаулы
304,0
ақпан,наурыз,сәуір,мамыр,маусым,шілде
15
Барлығы
5520,0
300