О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани и поселка Актас на 2006 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы Саран қаласы мен Ақтас кентінің күндізгі бөлімде оқитын оқушыларының қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы» көлік туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы (2006 жылы 14 қаңтарда № 2 «Ваша газета» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 8-7-19 нөмірімен тіркелген) «2006 жылғы қалалық бюджет туралы» № 387 шешімі негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) Саран қаласы мен Ақтас кентінің төмендегі санаттағы оқушыларының жол жүрулеріне жеңілдік белгіленсін:
Тармақша 1
1) Саран қаласы мен Ақтас кентінің білім ұйымдарында тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицейлердің осы сыныптарының оқушылары да тегін жүру құқығына ие болады;
Тармақша 2
2) Саран қаласы мен Ақтас кентінің білім ұйымдарында тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сондай ақ Саран қаласы мен Ақтас кентінде қоғамдық көлікте жол жүрсе, білім ұйымы берген анықтаманы көрсетсе, кәсіби мектептер мен лицейлердің тоғызыншы сыныптары мен он бірінші сыныптарының оқушылары – жол жүру құнының 50 % пайызын, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
Тармақша 3
3) Саран қаласы мен Ақтас кентінде қоғамдық көлікте кәсіби мектептер мен колледждердің оқушылары, жоғарғы оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер жол жүрсе, 50 % төлейді, яғни, тиісті оқу орны берген студенттік немесе оқушы билетін көрсетсе, бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;
Тармақша 4
4) Саран қаласы мен Ақтас кентінде қалалық, маусымдық (саяжайға) маршруттарды үнемі қамтамасыз ететін автобустарға жол жүру жеңілдігі берілмейді:
Тармақша 5
5) Жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарында, сондай ақ сырттай, кешкі мектепте оқитындарға берілмейді.
Тармақ 2
2. 2006 жылғы Саран қаласы бюджетінен Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік классификациясының «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңілдік беру» 464008100 бағдарламасы бойынша қаражаттар бөлу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау экономика, бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2006 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.