2006 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 18 мамырдағы «2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» № 132 өкіміне Қарағанды облыс әкімінің 2006 жылғы 25 мамырдағы «2006 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2006 жылдың 6 маусымында тіркелінді, тіркеу номері 1814) № 01 шешіміне сәйкес және балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қылмыс жасауының және бақылаусыз қалуының алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында:
Тармақ 1
1. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Ауыл және кент әкімдері, аудандық білім беру бөлімі (Сайран Нәскенұлы Сағымбеков):
Тармақша 1
1) жергілікті бюджетте көзделген, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қаржылар есебінен балалар мен жасөспірімдердің демалуын және сауықтырылуын ұйымдастырып өткізсін;
Тармақша 2
2) ата-анасының қамқорысыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының, толық емес жұмыссыздар отбасылары балаларының демалуы мен сауықтырылуын үшін бірінші кезекте қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнар Тақуқызы Жүпенова) заңнамаға сәйкес демалыс кезінде жасөспірімдер үшін уақытша жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) жазғы сауықтыру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына тексеріс ұйымдастырсын, олардың орналасқан орындарында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасы шегінде ауданның білім беру мекемелеріне балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы үшін қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 6
6. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссия жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар арасында бақылаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде нақты шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Сауықтыру лагерінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін:
Тармақша 1
1) аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Оракұлы Еспаев – келісім бойынша) балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетуге, олардың сауықтырылуын ұйымдастыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) аудандық ішкі істер бөлімі (Асхат Нұрмұхаммедұлы - келісім бойынша) балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және балаларды сауықтыру ұйымдарында қоғамдық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз етсін, жазғы демалыс кезінде жолдар мен көшелерде балалар жарақаттануын азайту жөнінде алдын алу шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жасау жөніндегі бөлімі (Охинько Александр Геннадиевич - келісім бойынша) жазғы каникул басталғанға дейін балаларды демалту, сауықтыру және жұмыспен қамту ұйымдарының өртке қарсы жай-күйіне тексеріс жүргізсін және олардың өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Аудандық «Нұра» газетінің редакциясы (Ахметов Дыбыс Жыржысұлы - келісім бойынша) балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын кеңінен жарияласын.
Тармақ 9
9. Аталмыш шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат аудан әкімі аппаратына 2006 жылғы 15 қыркүйек қарсаңында тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаменті» мемлекеттік
мекемесі Нұра аудандық
филиалының бастығы
Г.Қ.Досполова
19.06.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
А.Н.Канафин
19.06.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық бірлестігінің
директоры
Б.О.Еспаев
19.06.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау жасау жөніндегі
бөлімінің бастығы
А.Г.Охинько
19.06.2006 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық «Нұра» газетінің бас редакторы
Д.Ж.Ахметов
19.06.2006 жыл
Басқа 16. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын,
сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы:
Қосымша
Аудан әкімінің 2006 жылғы «19» маусымдағы
«2006 жылғы жазғы маусымда балалар мен
жасөспірімдердің демалысын,сауықтырылуын, жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру туралы» № 3 шешіміне
Балалар мен жасөспірімдердің демалысын,
сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аудандық комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Даутова Зара Ахметжанқызы
Аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрайымы
Тармақ 2
2. Сағымбеков Сайран Нәскенұлы Білім беру бөлімінің меңгерушісі,
комиссия мүшесі
Тармақ 3
3. Құтжанова Рабиға Қосанқызы Мәдиниет және тілдерді дамыту
бөлімінің менгерушісі,
комиссия мүшесі
Тармақ 4
4. Ахметова Гүлдана Сайлаубайқызы Нұра аудандық мәдиниет үйінің
директоры
Тармақ 5
5. Еспаев Бөкеш Орақұлы Аудандық медициналық
бірлестігінің директоры,
комиссия мүшесі
(келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Досполова Гүлсара Құрашқызы «Қарағанды облысы
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиялогиялық қадағалау
департаменті» мемлекеттік
мекемесі Нұра аудандық
филиалының бастығы,
комиссия мүшесі
(келісім бойынша)