Об организации социальных рабочих мест в Жаксынском районе в 2006 году Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылы Жақсы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкесті әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу үшін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын уймдастыру мен қаржыландырудың Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) 2006 жылы халықтың мақсатты топтарын кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызуды ұйымдастырсын.
Тармақша 2
2) Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындары құрылған кәсіпорындар мен ұйымдар тізімдемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жақсы ауданының қаржы бөліміне әлеуметтік жұмыс орындарын аймақтың 2006 жылға арналған орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық жоспары көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы Жақсы ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелеуден өткен сәтпен күніне енеді және аудандық басылымда жарыққа шығуға жатады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Мұғаловаға жүктелсін.
Басқа 8
Жақсы ауданы әкімдігінің
13 ақпан 2006 ж. №А-1/32
қаулысымен бекітілген
Жақсы ауданында әлеуметтік жүмыс орындырын ұйымдастыру және қаржылау Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жақсы ауданында элеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жэне қаржыландыру Ережелері (бұдан былай Ережелері) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарын жұмысқа орналыстыру жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншін түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізге шарттар мен есептесу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелердің жұмыс істеуінің құқықтық негізі Республикасының 2002 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты қамту туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде қолданылатын нгегізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны - халықтық мақсатты жұмыссыз азаматтарды жұмыска орналыстыру үшін жұмыс жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орны. қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жұмысберушінің белігі бір жергілікті бюджет есебінен өтеледі.
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселелері жөнінденгі уәкілдеген орган - жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін және жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан корғайтын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) мақсатты топтар - ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болатын және әлеуметтік корғауды талап ететін азаматтар тобы.
Тармақ 4
4. әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған азаматтарына Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңдары таралады.
Тармақ 5
5. жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілдеген органдар мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін жергілікті бюджет өтей отырып, анықтайды немесе құрады.
Тармақ 7
7. Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және еңбекақы шығынының жартылай өтемақысын төлеу туралы келісім шарт жасайды.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушінің келісімі бойынша аудан әкімдіктері халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орны ұсынылатын немесе ұйымдастырылатын тізімін анықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру келісім бойынша Жақсы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орынына орналасудың басым құқығына ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақысын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына, күрделілігіне байланысты болады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналыстырылған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен төленетін еңбекақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы жергілікті бюджеттен алты айдан кем емес мерзімге еңбекақының ең аз мөлшерінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасына қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады. Бюджеттік қаржы жұмыс берушінің жеке идентификациялық кодына аударылады.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзімі өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындағы жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі және бюджеттен өтелмейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерінің орындалуына бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерінің орындалуына бақылау
Тармақ 17
17. Ережелердің сақталуына бақылауды Жақсы ауданыңың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
Басқа 33
Жақсы ауданының Әкімдігінің
13 ақпан 2006 ж. № А-1/32
қаулысымен бекітілген
2006 жылға әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі
№
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің аты
жұмысшы саны
1
ЖШС «Белагаш»
10
2
ЖШС «Водоснабжение»
6
3
ЖШС «Агрострой-1»
20
4
ЖСШ «Нур А-С»
4
5
ЖСШ «Тугел-С»
8
6
ЖСШ «Урожай»
5
7
ЖСШ «Нуркад»
7
БАРЛЫҒЫ
60