Об организации социальных рабочих мест в Атбасарском районе в 2006 году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы Атбасар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 және 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 және 18-1 баптарына, Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № а-2/49 «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу мақсаттарында, Атбасар ауданының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың (келісім бойынша) қосымша тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Төлегенова Ә.Қ.) 2006 жылы ұйымдар мен кәсіпорындарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек төлемін жұмыс берушінің қаржысынан жарым-жартылай шығындардың өтемақысын аудандық бюджет қаржысынан еңбек төлемін жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Қаржылар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Кон З.С.) 2006 жылы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орташа мерзімді көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының іс-әрекеті 2006 жылдың 4 қаңтарында шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
Басқа 8
«30» 01 2006 ж. № а-1/11 Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітлген 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындар, әлеуметтік жұмыс орындарының түрлер мен көлемдерінің ТІЗБЕСІ № р/н Кәсіпорындардың атаулары Әлеуметтік жұмыс орындарының турлері Адамдардың саны Бір адам орындаған жұмыстың көлемі 1 Ахметов ЖК - ғимараттарды от жағуда көмек 10 бір нысанадан 2 «Жолаушыларды тасымалдау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны - ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 10 әрқайсысына 500 ш. метрден 3 Вафина ЖК - ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 3 әрқайсысына 500 ш. метрден 4 «Әбдуэлиевтер» жауапкершілігі шектеул1 серіктестігі 8.көріктендіру 9.ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 4 16 974 ш. метрден әрқайсысына 500 ш. метрден 5 «Атбасар» сауда орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек 2 әрқайсысына 500 ш. метрден 6 «Франк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - көріктендіру 2 әрқайсысына 974 ш. метрден 7 Нурумова ЖК -сату-сатып алу кызметі -ғимараттарды жөндеу және жинауда көмек -ғимараттарды күзету және от жағуда көмек 16 10 3 әрқайсысына 180 сағаттан әрқайсысына 500 ш. метрден б1р нысаннан 8 Серекбаева ЖК -сату-сатып алу кызмет! -ғимараттарды жинауда көмек 8 2 әрқайсысына 180 сағаттан әрқайсысына 500 ш. метрден