Об организации социальных рабочих мест в Целиноградском районе в 2006 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занының 7 бабының 5-4 тармағының негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - ММ) Целиноград ауданында 2006 жылы мекемелер мен кәсіпорындарында ашылған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Жұмыс орындарын ашқан мекемелер мен кәсіпорындарындарының санын бекіту (қосымша).
Тармақ 3
3. Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысы 2006 жылы 3 мамырда № 113, Целиноград ауданы Әділет басқармасында 2006 жылғы 25 мамырда № 1-17-36 болып тіркелген 2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасын бекіту туралы сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы және жұмыс берушілердің шығынының өтемін бөліп төлеуді аудандық қаржы қорынан бөлу.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Целиноград ауданының Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, іске қосылады.
Басқа 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашқан мекемелер мен кәсіпорындарының тізімі
Қосымша Целиноград ауданы әкімдігінің қаулысына 9 маусым 2006 жылғы № 150 «2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру» Әлеуметтік жұмыс орындарын ашқан мекемелер мен кәсіпорындарының тізімі № Мекемелер мен кәсіпорындарының атауы Әлеуметтік жұмыс орындардың саны 1 «Ақмола-Феникс» АҚ (келісім бойынша) 10 2 «Агрофирма «Ақтық» АҚ (келісім бойынша) 2 3 «Новоишимка АЭ» ЖШС (келісім бойынша) 3 4 «Талапкер ЖТ» ЖШС (келісім бойынша) 2 5 «Сары-терек» АШК» ЖШС (келісім бойышна) 3 Барлығы: 20 Ескертпе: ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік; АҚ - акционерлік қоғам; АШК - ауыл шаруашылық кәсіпорын.