Об охране и защите лесов Алтынсаринского района в пожароопасный период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданының ормандарын 2006 жылы өрт қаупі бар кезеңдерде күзету және қорғау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, Қостанай облысы әкімдіғінің 2006 жылғы 3 сәуірдеғі № 100 «Қостанай облысының ормандарын 2006 жылы өрт қаупі бар кезеңдерде күзету және қорғау туралы» қаулысын (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3545) орындауда және аудан аумағында өрттерді сөндіруғе қатынасушы адамдар мен техниканы уақытылы іске жұмылдыру, жедел қызмет және әр түрлі нысандағы меншік субъектілері арасында өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мақсатында Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алтынсарин ауданының ормандарында өртті болдырмау мен химиялық күюден сақтау жөнінде, өрттердің саны мен одан келетін зияндар мөлшерін тұрақты түрде азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер мен селолардың әкімдеріне, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі» (Е.К. Әміров) (келісім бойынша), «Алтынсарин ауданының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі» (Е.Н. Жайылғанов) (келісім бойынша), «Алтынсарин ауданы бойынша өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалының № 6 өрт сөндіру бөлімшесі (С.Г. Невзоров) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелеріне және Арақарағай ормандары мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне (П.С.Урбанович) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын күзету, қорғау, өсіру және орманды пайдалану жөніндегі заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) өрттерді, олардың қауіптілігі мен ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілік шаралары, орман және жануарлар дүниесін күзету жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 46 «2004 жылы өрт қаупі бар кезеңдерде Алтынсарин ауданының ормандарын күзету және қорғау туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2948, 2004 жылғы 11 маусымдағы № 21, 2004 жылғы 18 маусымдағы № 22 «Чистый родник - Таза бұлақ».
Тармақ 4
4. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 238 «2005 жылы өрт қаупі бар кезеңдерде Алтынсарин ауданының ормандарын күзету және қорғау туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 мамырдағы № 133 «2006 жылы өрт қаупі бар кезеңдерде Алтынсарин ауданының ормандарын күзету және корғау туралы" қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулынын орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Г.А. Кукобаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рееми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10