Об организации отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в период летних каникул 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 2006 жылғы 18 мамырдағы «2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұымдастыру туралы № 132-ө өкіміне сәйкес және Қарағанды облысының Әділет департаментінде № 1814 тіркелген 2006 жылғы 25 мамырдағы Қарағанды облысы әкімінің «2006 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» № 01 шешімін орындауға орай, балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын, олардың жазғы каникул кезеңінде шығармашылық жағынан дамуын, сол сияқты қаладағы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қылмыс жасауының және бақылаусыз қалуының алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ балалар лагерьлерінің пайдалануға дайындвғын қабылдау жөніндегі қалалық комиссияның құрамы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. «Саран қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Қ.Қ.Омаров:
Тармақша 1
1) барлық үлгідегі балалар лагерьлерінде жалпыға бірдей оқу қоры бойыншақаржыландыру жоспары есебінен, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тарта отырып, жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) бірінші кезекте жетім балалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалардың, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасы балаларының демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) қала сыртындағы Ғарышкерлер атындағы балалардың сауықтыру лагерін білікті педагогикалық кадрлармен толықтыруға көмек көрсетсін;
Тармақша 4
4) жазғы каникул кезеңінде қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелері және жалпы білім беретін мектептері жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналған күндіз келетін мектеп жанынан оларда тамақсыз және тамақ беруді ұйымдастыра отырып, лагерьлер ашсын және жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) теңестіру сыныптарында – үлгерімі төмен балалармен, коррекциялау сыныптарында болашақ бірінші сынып оқушыларын бейімдеу жөніндегі жазғы мектептердің жұмысын қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) қолайсыз отбасыларының балаларын қатыстыра отырып, аулалық клубтарда балалар және жасөспірімдердің жазғы демалыс жүйесінің жұмысын қамтамасыз етсін;
Тармақша 7
7) жазғы кезеңде Қарағанды қаласындағы кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу және оңалту уақытша оқшалау орталығындағы, қалалық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі топта есепте тұрған балалардың тізіміне ай сайын тексеру жүргізсін;
Тармақша 8
8) Жастар шығариашылық үйі базасында «Жазғы шығармашылық мектебі» балалар шығармашылық орталығын құрсын;
Тармақша 9
9) тәуекел тобына енетін отбасыларының диагностикалық карталарын құрсын, талдауын қамтамасыз етсін және оларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Саран қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Б.Рахымбергенов (келісім бойынша) белгіленген тәртіпте балаларды демалыс орнына және кері тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етсін, жазғы каникул кезеңінде жолддар мен көшелерде балалардың жарақаттануын азайту бойынша алдын алу шараларын қабылдасын.
Тармақ 4
4. «Саран қаласының дене тәрбиесі және спорт. бөлімі» мемелекеттік мекемесінің бас маманы Г.В.Воскобойник барлық үлгідегі балалар лагерьлерінде сауықтырылып жатқан, сонымен қатар қаланың аулалық клубтарында жұмыспен қамтылған балалар мен жасөспірімдерге арналған бұқаралық – спорт, сауықтыру шараларының өткізілуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Л.А.Мартель мәдениет ұйымдарының жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеуге қатысуына ықпал жасасын.
Тармақ 6
6. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.О.Тұнғышбаева еңбек заінамасына сәйкес жазғы каникул кезеңінде жасөспірімдерді жұмыс қамтуды, оларға уақытша жұмыс орның ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қалалық радионың дедакторы Л.Н.Прокудина, қалалық «Ваша газета» гезетінің бас редакторы Т.Г.Герасимова жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын дайындау және өткізу барасын насихаттасын және жариялансын.
Тармақ 8
8. Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқын қорғау жөніндегі комиссия төрайымы Л.Н.Ким, саран қаласы ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі топ (Е.Б.Рахымбергенов – келісім бойынша!, «Саран қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекесінің қамқорлық және қорғаншылық өкілетті органы (Қ.Қ.Омаров) мәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастықпен айналысаиын, қадағалаусыз қалудың, құқық бұзышылықтар мен қылмастың алдын алу бойынша нақты шаралар қолдансын.
Тармақ 9
9. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық «Ваша газета» газетінде ресми түрде жарияяланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекетке келтіріледі.
Тармақ 10
10. Жоғарыда аталған ұйымдардың басшылары қала әкімінің аппаратына осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпаратты 2006 жылы 25 тамызда тапсырсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін.
«КЕЛІСІЛГЕН»
№ р/н
датасы
Нормативтік құқықтық акт
Лауазымы
Қолы, мөр
1.
06.07.2006
Ескертусіз келісілген
Саран қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының бастығы – Болат Айтмағамбетов Аброев
2.
07.07.2006
Ескертусіз келісілген
Саран қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы – Ерлан Балтабайұлы Рахымбергенов
3.
10.07.2006
Ескертусіз келісілген
«Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры – Қамила Құсайынқызы Сатова
Басқа 21. 2006 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ балалар лагерьлерінің пайдалануға дайындығын қабылдау жөніндегі қалалық комиссиясының құрамы
Сран қаласы әкімінің 2006 жылғы
«05» шілдедегі № 01
шешімімен бекітілген 1 қосымша
2006 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ балалар лагерьлерінің пайдалануға дайындығын қабылдау жөніндегі қалалық комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Людмила Николаевна Ким Саран қаласы әкімнің орынбасары, комиссия төрайымы
Тармақ 2
2. Қайырбек Қойшыбайұлы Омаров «Саран қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, комиссия төрайымының орынбасары
Тармақ 3
3. Болат Айтмағамбетұлы Аброев Саран қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының бастығы
Тармақ 4
4. Григорий Викторович Воскобойников «Саран қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекесінің бас маманы
Тармақ 5
5. Людмила Александровна Мартель «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекесінің меңгерушісі
Тармақ 6
6. Нұргүл Өсербайқызы Мәуберліновна «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік бағдарламалар мониторингі және талдау бөлімінің бас маманы
Тармақ 7
7. Ерлан Балтабайұлы Рахымбергенов Саран қаласы ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Қалима Құсайынқызы Сатова «Орталық қалалық аурухана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпкорнының директоры (келісім бойынша)