Аудан бойынша 2006 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша 2006 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын басшыларына осы қаулыдан туындайтын шараларды орындау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бекжанов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 155 қаулысына № 1 қосымша Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі Нысандардың аттары Адам саны 1. Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты 100 2. Ащысай селолық округі өкімі аппараты 25 3. Алмаз селолық округі әкімі аппараты 22 4. Ақбулақ селолық округі әкімі аппараты 22 5. Белогор селолық округі өкімі аппараты 23 6. Қарағаш селолық округі әкімі аппараты 30 7. Қызылкөл селолық округі әкімі аппараты 30 8. Лубен селолық округі әкімі аппараты 23 9. Полтава селолық округі өкімі аппараты 23 10. Шыңғырлау селолық округі әкімі аппараты 11. Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі 1 12. Шыңғырлау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) 6 13. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 5 14. Шыңғырлау ауданының психологиялық түзеу кабинеті (келісім бойынша) 4 15. «Шыңғырлаукомтехсервис» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 3 16. Шыңғырлау бөлімі ауданының білім беру 4 17. Шыңғырлау аудандық аумақтық басқармасы (келісім бойынша) 4 18. Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі (келісім бойынша) 3 19. Шыңғырлау ауданының тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 6 Барлығы 340
Басқа 8. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 155 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Елді-мекендердің, санитарлық тазалықтарын сақтау, қоқыстарын шығару;
Тармақ 2
2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу, күрделі және жөндеу жұмыстарына көмектесу;
Тармақ 3
3. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру; мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру;
Тармақ 4
4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу;
Тармақ 5
5. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақ 6
6. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету;
Тармақ 7
7. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау;
Тармақ 8
8. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау;
Тармақ 9
9. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыр ұйымдастыру;
Тармақ 10
10. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету.
Басқа 19. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 155 қаулысымен бекітілген № 3 қосымша Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілерді сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері Шыңғырлау ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шар негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбекақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Тармақ 4
4. Жұмыстардың көлеміне, сапасына байланысты, құрылыс салу күрделі жөндеу жұмыстарына төменгі жалақыға қосымша 50 пайы мөлшерінде үстемеақы төленеді.
Тармақ 5
5. Атқарылған жұмысқа жұмыс берушінің қабылдау актісі толтырылып ай сайың Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөліміне тапсырылады.
Тармақ 6
6. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңына сәйкес екі жақты жеке келісім-шарт жасалады және соның негізінде бұйрық береді немесі өкім шығарып жұмысқа алады.
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдауынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметті жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын селолық округ әкімдері мекеме басшылары әр айдын 20-на атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.