Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в период летних каникул в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
Балалар мен жасөспірімдердің 2006 жылғы жазғы демалыс кезеңіндегі демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру үшін, оларды шығармашылықты дамыту мақсатында, және 2006 жылдың жазғы кезеңінде кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалмауын, құқықбұзушылығының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның білім бөлімі, Булаев қаласының және селолық округтердің әкімдері, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі, балалар мен жасөспірімдердің 2006 жылғы жазғы демалысын, сауығуын және жұмыспен дамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия (Портнягин Ю.А.) 2006 жылғы 10 маусымға дейін «Березка» жазғы сауықтыру лагерінің қабылдауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімі, Булаев қаласының және селолық округтердің әкімдері, балалар мен жасөспірімдерді жазғы кезеңде сауығуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында:
Тармақ 3.1
3.1. ең алдымен жетім балалардың, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, көпбалалы, толық емес отбастарының балаларының, мүгедек балалардың демалуы мен сауығуын ұйымдастырсын;
Тармақ 3.2
3.2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында «Березка» сауықтыру лагерінде қазақ тілін үйрену жөніндегі жазғы мектеп ұйымдастырылсын.
Тармақ 3.3
3.3. жасөспірімдерді жұмыспен қамту жөніндегі еңбек заңнамасына сәйкес, жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін шаралар қабылдансын.
Тармақ 4
4. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері В.В.Уваров, балалар мен жасөспірімдерді сапалы медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіп, балалардың сауықтыру алаңдарын дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру құралдарымен, медициналық жабдықтармен жабдықтауға көмек көрсетсін.
Тармақ 5
5. Санитарлық эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік қадағалау жөніндегі департаменттің аудандық бөлімінің бастығы С.Н.Жигаев, қолданыстағы санитарлық нормаға сәйкес, балалардың демалуы мен денсаулықтарын қорғауының, лагерді маусымның басталуына дайындаудың бақылауын орнатсын.
Тармақ 6
6. Аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы А.А.Тастемиров мекемелердің демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауды, балаларды тасымалдау қауіпсіздігін, балалардың сауықтыру лагеріне жол полициясының шығарып салуымен бірге келіп- кетуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ю.А.Портнягинге жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы 2006 жылғы 7 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
Басқа 12. 2006 жылы балалар мен жасөспірімдердін жазғы демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
7 маусым № 161 қаулысына
қосымша
2006 жылы балалар мен жасөспірімдердін жазғы демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Портнягин Юрий Анатольевич
- комиссия төрағасы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысы
Бектасова Роза Сәкенқызы
- төрағаның орынбасары, аудандық білім бөлімінің бастығы
Комиссия мүшелері:
Бражник Галина Николаевна
- Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының бас маманы, табиғи және техноген сипатындағы төтенше жағдай жөніндегі маман
Доровик Светлана Сергеевна
- ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы
Жигаев Сергей Николаевич
- санитарлық эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік қадағалау жөніндегі департаменттің аудандық бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Исенов Қайрат Сағынтайұлы
- Чистов селолық округінің әкімі
Илюшин Владимир Александрович
- аудандық телекоммуникация торабының бастығы (келісім бойынша)
Касымова Гүлнар Мұқашкенқызы
- ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Молдавская Вера Никитовна
- ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
Никоноров Анатолий Григорьевич
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша энергия бөлу кешенінің «АКСЕСС- ЭНЕРГО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мағжан Жұмабаев ауданының электр жүйелерінің бастығы (келісім бойынша)
Омарова Мария Ивановна
- ауданның қаржы бөлімінің бастығы
Тастеміров Абай Ахметжанұлы
- ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Уваров Валерий Васильевич
- орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша)
Хасенов Рашид Төлеуұлы
- төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Шакубаев Қуандық Нұргазыұлы
- аудандық құрылыс бөлімінің бастығы