Об утверждении шкалы перевода баллов тестирования в оценки вступительных экзаменов по иностранным языкам в магистратуру высших учебных заведений в 2006 году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы тестілеудің баллдарын жоғары оқу орындарының магистратурасына шет тілдері бойынша түсу емтихандарының бағаларына ауыстыру шкаласын бекіту туралы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына үміткерлерді конкурстық іріктеуді өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. 2006 жылы тестілеудің баллдарын жоғары оқу орындарының магистратурасына шет тілдері бойынша түсу емтихандарының бағаларына ауыстырудың мынадай шкаласы бекітілсін: 0 - 30 балл - "2"»қанағаттанарлықсыз 31 - 60 балл - "3" қанағаттанарлық 61 - 80 балл - "4" жақсы 81 - 100 балл - "5" өте жақсы
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М. Нұрғожин):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты жоғары оқу орындары ректорларының назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.