Об утверждении Правил возмещения затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной и государственной адресной социальной помощи города Усть-Каменогорска в 2006 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 555 "Халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру туралы" қаулысына және Өскемен қалалық мәслихатының 2006 жылғы 13 шілдедегі № 24/6 "Өскемен қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 19/2 "2006 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (тіркелу № 5-1-39) шешіміне сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі (Г.Е. Богатикова) - (әрі қарай - Өкілетті орган) аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыратын және коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды қажет ететін адамдардың тізімін құрастыратын жауапты өкілетті орган деп анықталсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған 2006 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
Басқа 4. 2006 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру
Қала әкімдігінің 2006 жылғы 4 тамыздағы № 4556 қаулысымен бекітілген 2006 жылы Өскемен қаласының тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру Ережесі Осы Ереже халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға біржолғы материалдық көмек бөлу мақсатында қабылданды.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға біржолғы көмек 2006 жылы тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан аз қамтылған азаматтарға бөлінеді.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдары әр отбасына (пәтерге) екі данадан орнатылады (ыстық және суық су есептеу құралдары).
Тармақ 3
3. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату өкілетті органмен анықталған адамдардың тізіміне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы болып табылатын мекемемен жүргізіледі.
Тармақ 2. 2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығындар орнын толтыру тәртібі
2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығындар орнын толтыру тәртібі
Тармақ 5
5. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығын орнын толтыру жергілікті бюджет қаржысымен "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек" 451.007 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізуге кеткен шығындардың орнын толтыру оларды орнатқан мекеменің орындалған жұмыс жөнінде қабылдау актілерін ұсынған кезде өкілеттік органмен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша орындалған жұмыстардың қабылдау актілеріне орнатуды орындаған ұйымдар, коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорын-жеткізушілер және "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әр пәтер бойынша есептеудің құралдарын есепке қою және пайдалануға рұқсат беру актілерінің негізінде қол қояды.
Тармақ 3. 3. Есептеудің жеке құралдарын орнатуды бақылау
3. Есептеудің жеке құралдарын орнатуды бақылау
Тармақ 8
8. Есептеудің жеке құралдарын орнату кезінде техникалық нормативтердің сақталуын бақылауды, оларды пломбылауды, пайдалануға рұқсат беруді және есепке қоюды қолданыстағы тәртіпке сәйкес коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорын-жеткізушілер жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі орнатылған есептеудің құралдарын актілер негізінде пәтер иелерінің меншігіне береді.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын орнатуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына бақылауды "Өскемен қаласының қаржы бөлімі"»мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Қала әкімі аппаратының басшысы