Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 5 тармағына, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"» Кодексінің 462-бабына, Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10-бабындағы 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 109-ө "Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2006 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 4187 болып тіркелген бұйрығының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Үшінші шақырылған облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 12-6 "2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем (ставкалар) нормативтері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1632 болып тіркелген, 2006 жылдың 5 қаңтарында "Ақ жол" және «"Знамя труда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған органы қорғау басқармасының бастығы ________________ И.Ж.Әлиев ________________ 2006 жыл Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің төрағасы ______________ Н.Ш.Ысқақабаев ______________ 2006 жыл
Басқа 3. Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары
Жамбыл облыстық мәслихатының 2006 жылғы 28 шілдедегі 18-5 шешіміне қосымша Жамбыл облысы бойынша 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары теңге р/с № Көрсеткіштер өлшем бірлігі Уыттылық сыныбы Ставкалар 1 Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары шартты тонна 394 2 Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары: тонна 165 этилденбеген бензин үшін; тонна дизель отыны үшін; тонна сұйытылған газ үшін; тонна сығындалған газ үшін. тонна 3 Қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгінділері: су объектілеріне; шартты тонна 7857 экрандалған жинауыштарға; шартты тонна 3928 экрандалмаған жинауыштарға; шартты тонна 5612 сүзілу алаңдарына; шартты тонна 1033 суармалы егіс танабы. шартты тонна 5612 4 Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда ораналастыру тонна V 120 тонна IV 240 тонна III 480 тонна II 1920 тонна I 3840 5 Аршынды жыныстар тонна V 3,6 6 Ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары (қи, құс саңғырығы) (1 тонна үшін) тонна 9,2 7 Сынабы бар пайдаланудан шыққан шамдар дана I 969 Ескерту: 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" N 884 қаулысына сәйкес 107,0 пайызды құрайтын 2005 жылғы төлем ставкаларының тұтыну бағасының индексіне түзету енгізу жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 13 қазандағы N 02-1-2 6/2565-и нұсқауы бойынша белгіленген.