Об оказании материальной помощи в преддверии отопительного сезона на 2006 год в городе Лисаковске Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласында 2006 жылға арналған жылу беру мерзімінің қарсаңында материалдық көмек көрсету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармакшасына, "2006 жылға арналған Лисаков каласының бюджеті туралы" Лисаков қалалық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоксандағы № 217 шешіміне сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мүқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасын іске асыру максатында зейнеткерлерге және мүгедектерге жылу беру мерзімінің карсаңында материалдық көмек көрсетілсін;
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек Октябрь поселкесінде және Красногор селосында көмір сатып алуға шығындарды әлеуметтік төлемдердің баска түрлерімен толығымен төлей алмаған жалғыз түратын зейнеткерлер мен мүгедектерге көрсетітеді;
Тармақша 2
2) материалдық көмек 3000 теңге көлемінде, уәкілетті органдармен берілген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе Қазакстан Республикасы Үлттық Банкінің банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар үйымдар аркылы алушылардың жеке шоттарына акшалай қаражаттарды аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бакылау Лисаков каласы әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.