О социальных выплатах молодым специалистам, прибывшим для работы в учреждения образования и здравоохранения Экибастузского региона в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы Екібастұз өңірінің білім беру және денсаулык сақтау мекемелеріне жұмыс істеу үшін
келген жас мамандарға әлеуметтік
төлемдер төлеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVIII сессия) 2006 жылғы 21 шілдедегі "Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған XXVII сессия) "Екібастұз қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 375/28 шешіміне сәйкес, өңірдің білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы жоғары оқу орындарын бітірген және Екібастүз қаласының білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға (бұдан әрі-жас мамандар) "Екібастүз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Г.Асташова) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек тағайындауды жүргізсін.
Тармақ 2
2. Жас мамандар біржолғы көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолығып, төмендегідей құжаттарды тапсыруы қажет:
1 )"Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініші;
Тармақша 2
2) жеке куәлік көшірмесі;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 5
5) оқу орнын бітіргендігі туралы диплом көшірмесі.
Тармақ 3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Асташова) жас мамандардың "Қазақпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшелеріндегі (келісім бойынша) жеке шоттарына аудару жолымен жас мамандарға біржолғы материалдық көмекті төлеуді жүргізсін.
Тармақ 4
4. 0сы қаулы бірінші ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. 0сы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.