Аудан аумағындағы азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74-III «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі №96 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30-маусымдағы №623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес 2006 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды белгіленген уақытта ұйымдастырып өткізу үшін аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан аумағындағы азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 22.09.2006 г. № 147 (Аудан аумағындағы азаматтарды 2006 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)
1. Аудан көлемінде тұратын шақыру комиссиясына шақырылатын жасы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына 2006 жылдың қазан айының 2-нен желтоқсан айының 30-ы аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрамы 1 қосымшаға сәйкес құру ұсынылсын:
1) шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
2) шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешім қабылдау;
3. Поселкелер әкімдері:
1) Поселкелік округтің әкімдері мен Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іс-сапарлардан демалыстардан шақырып алуды, оларды хабардар етуді ұйымдастырады және шақыру пункітне уақытылы келулерін қамтамасыз етеді.
2) Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізілуді;
3) Шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткізуді оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді;
4) Азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне, сондай-ақ дәрігерлік мекемелерде қосымша дәрігерлік тексеруден өткізілуіне тұрғылықты жерінен, аудандық шақыру учаскесіне келулері мен қайтуларына қажетті толық жабдықталған көлік түрлерімен қамтамасыз етсін.
4. Шақырушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссияның құрамы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
5. Мақат аудандық емханасына (Б.Оңдасынов) (келісім бойынша):
1) медициналық куәландыру кезінде дәрігерлік комиссияларды білікті дәрігер мамандармен, орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, шақыру (жиын) пункттерін дәрі-дәрмекпен құрал-сайманмен жабдықтау;
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу алдын-алу мекемелерінен қажетті орындар санын бөлу 3-қосымша.
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас жастармен емдеу-сауықтыру шарасын жүргізуді, сонымен қатар жасөспірімдер кабинеттерінің сырқат шақырылушыларды есепке алу және олармен сауықтыру жүргізу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын:
6. Мақат аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Ж.Кушенов) (келісім бойынша);
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
2) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру, шақыру пунктерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Темір жол желілік ішкі істер бөлімшесіне (А.Ә.Керимов) (келісім бойынша) Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен келісіп темір жол бойында әскерге шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтар бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын.
8. Доссормұнайгаз өндіру басқармасына (М.Б.Қилыбаев) Мақатмұнайгаз өндіру басқармасы (А.А.Қонысқалиев), Мақат локоматив пайдалану депосына (К.Ж.ТаутановМақат Сервис-2004 ЖШС (Ж.С.Мұқашев) (келісім бойынша);
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскелері мен жиын пунктінде жұмыс істеу үшін техникалық қызметкерлердің қажетті саны, 4-қосымшаға сәйкес бөлу ұсынылсын.
2) шақырылушыларды жинақтау пункттеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде кезекші автокөліктер 5-қосымшаға сәйкес бөлу ұсынылсын.
3) осы міндеттерді атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметі және жол ақысы сақталсын.
9. Мақат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (И.Мәжікеев) 2006 жылдың бекітілген бюджетіне сәйкес шақыру учаскелері мен жиын пункттерінде жұмыс істеу үшін, іс-сапарларға егер аталған тұлғалардың өз міндеттерін атқаруы іс-сапарлармен байланысты болса олардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кейін қайтуға, байланысты шыққан шығындардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
10. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А.Кенжеғұлов) (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудің барысы туралы Мақат ауданы әкімінің аппаратына жүйелі түрде ақпарат беріп отыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы
А.Кенжеғұлов
25.09.2006 жыл
Доссормұнайгаз басқармасының
бастығы М.Қилыбаев
25.09.2006 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімі
бастығы Кушенов Н.Ж
25.09.2006 жыл
Темір жол желілік ішкі істер
бөлімшесі бастығы
Керимов А.Ә
25.09.2006 жыл
Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің бастығы
Мұқашев Ж.С
25.09.2006 жыл
Мақат локоматив пайдалану
депосының бастығы
Таутанов К.Ж
25.09.2006 жыл
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі Мәжікеев И.М
25.09.2006 жыл
Мақат аудандық орталық а
уруханасының бастығы
Оңдасынов Б.С
25.09.2006 жыл
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«22» қыркүйектегі №147
1 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Кенжеғұлов Аманжол
-аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы комиссия төрағасы
Сарбалиев Жәрдем Халықұлы
-аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
- аудандық емхана меңгерушісі медициналық комиссия төрайымы
Комиссия мүшелері:
Қаршығаев Нұрболат Рахметұлы
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Рахманова Қамқа
-мейірбике комиссия хатшысы
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«22» қыркүйектегі №147
қаулысына 2 қосымша
Шақырушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиясының құрамы
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
-Аудандық емхана меңгерушісі медициналық дәрігерлік комиссия төрайымы;
Изтелеуов Жақсыберген Ахатұлы
-Дәрігер-хирург медициналық комиссия төрайымының орынбасары
Медициналық комиссия мүшелері:
Шаудирова Гүлнар Сарыбайқызы -терапевт жасөспірім дәрігері;
Ергужиева Әлия Шойынбайқызы -тіс дәрігері;
Изтелеуов Жақсыберген Ахатұлы –тері аурулар дәрігері;
Мурзабекова Жанар Қуанышқалиқызы-дәрігер отоларинголог;
Мурзабекова Жанар Қуанышқалиқызы-көз дәрігері;
Смайлов Кеңес Шмырбайұлы тері аурулар дәрігері;
Шабдирова Ғалия Нәсіпқалиқызы психиатр, неврапатолог дәрігері;
Жұманалиева Шахизат –дәрігер-фтизиатр;
Емшібике 3-адам;
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«22» қыркүйектегі №147
қаулысына 3 қосымша
Шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу алдын-алу мекемелерінен қажетті орындар саны
1. Мақат орталық емханасы
2. Мақат жұқпалы аурулар ауруханасы
3. Доссор өкпе аурулар ауруханасы
4. Доссор орталық ауруханасы
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«22» қыркүйектегі №147
қаулысына 4 қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскелері мен жиын пунктерінде жұмыс істеу үшін техникалық қызметкерлердің қажетті саны
№
р/с
Мекеме кәсіпорын атауы
Техникалық қызметкерлер саны
Босатылу мерзімі
1
Доссормұнайгаз басқармасы
2 (екі)
2 қазан
30 желтоқсан 2006
2
Мақатмұнайгаз
басқармасы
2 (екі)
2 қазан
30 желтоқсан 2006
3
Мақат Сервис-2004 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2 (екі)
2 қазан
30 желтоқсан 2006
4
Мақат локомотивтік пайдалану депосы
2 (екі)
2 қазан
30 желтоқсан 2006
Аудан әкімиятының 2006 жылғы
«22» қыркүйектегі №147
қаулысына 5 қосымша
Шақырушыларды жинақтау пунктеріне тасымалдау үшін және шақыру кезеңінде кезекші автокөліктер бөлу
№
р/с
Мекеме кәсіпорын атауы
Босатылу мерзімі
1
Доссормұнайгаз басқармасы
18 қазан-28 қазан
2
Мақатмұнайгаз
басқармасы
23 қазан-10 қараша
3
Мақат локомотивтік пайдалану депосы
30 қазан-25 қараша