Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в период с октября по декабрь 2006 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 2006 жылғы қазан мен желтоқсан айының аралығында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір мен маусымда және қазан мен желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жойылғандары ұйымдасқан және жоспарлы жағдайда дәрігерлік тексерістен өткізіп және 2001 жылғы 23 қантардың № 148- II «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-і бабымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыру пунктін Аршалы кенті Писарев 52 көшесі 52 үй мекен-жайы бойынша ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. № 1 қосымшаға сәйкес , шақырылу комиссиясы құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы 2006 жылғы қазан мен желтоқсан аралығында азаматтарды әскери қызметке шақыруы өткізсін және ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Әскери шақыру комиссиясының төрағасына, әскерге шақыру комиссиясының құрамының толық болмау жағдайына жол бермесін. Комиссия мүшесінің ауырған кезінде немесе басқада себепті жағдайлармен болмаған кезінде шақыру комиссиясының ауыстырушы құрамымен бектілсін (№ 2 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 5
5. Аршалы ауданының орталық ауруханасына (келісім бойынша) - 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызметке азаматтарды шақыруын өткізуін қамтамасыз етсін».
Тармақ 6
6. Аудандық кәсіпорындардың, мекемелердің, өндіріс орындарының, ұймдардың және аудандық оқу орындары басшыларына: әскерге шақырушыларды іс сапарлардан /демалыстардан/ шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз ету;
стационарлық тексерістен және емханалық анализден өткізу үшін әскерге шақырушыларды шақыру комиссиясына жұмыстан босатылсын;
міндетті әскери қызметке шақырылған азаматтармен жіберу емес толық есеп- айырысу жасау керек және олардың әскери бөлімдерге шығарып салуын қамтамасыз ету.
Аршалы кентінің әкімінің шаруашылықтық мамандарына және ауылдық округтардың мамандарына әскерге шақырылғандарға шақыру повескаларын тарату және олардың Аршалы ауданының қорғаныс істер бөлімінің көрсеткен күндерінде әскерге шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Аршалы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығына жиыстырулы қызметкелерін бөлу үшін әлеуметтік бағдарлама бөлімінен (келісім бойынша) шарт жасасын.
Тармақ 8
8. Аршалы ауданының ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Аршалы ауданының қорғаныс істері жөнінде бөлімге ертеде сотталған немесе қылмыстық мерзімін өтеп келгендегі жөнінде мағлұмат беру.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақыру және жөнелту кезеңінде, әскерге шақыру учаскісінің қоғамдық тәртіпті сақтау жағдайын бақылау.
Тармақша 3
3) Әскерге шақырудан бас тартқандарды іздестіру істерін жүргізу.
Тармақ 9
9. Аршалы ауданының әділет Басқармасының бастығына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің 2003 жылғы 24 қантардағы № 20 «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Аршалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімді хабарландыру; әскерге шақырушылардың тегін, аты-жөнін өзгерту туралы, азаматтық хал актілерін жазуға олардың туылған күнімен мекен-жайын өзгерту, сонымен бірге әскерге шақырушының қайтыс болуын тіркеген туралы ақпарат берілсін.
Тармақ 10
10. Аршалы кентінің және ауылдық округтердің әкімдеріне әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шығарып салу рәсімін салтанатты түрде өткізу.
Тармақ 11
11. Азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі шараларды орындау үшін болған шығындарды жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Мәмбетов Талғат Жаңабергенұлына жүктелсін.
Тармақ 13
13. Қаулы Ақмола облысы Аршалы ауданының әділет басқармасында тіркелген және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 17. Аршалы аудандық комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2006 ж.«15» 09 №262
«Азаматтарды 2006 жылғы қазан
мен желтоқсан айының
аралығында кезекті
әскери қызметке шақыру туралы»
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Аршалы аудандық комиссиясының құрамы
Нүркеев Рахмет Сыздықұлы - капитан, Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы
Татымтаева Шолпан Хамитбекқызы - ішкі саясат бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әукенов Хамза Ғаббасұлы - полиция подполковнигі Аршалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Демидович Людмила Николаевна - шақыру комиссиясынының аға дәрігері (келісім бойынша)
Тюлюбаева Роза Олжабайқызы - шақыру комиссиясынының хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 18. Аршалы аудандық шақыру комиссиясының құрамын ауыстырушы
Аудан әкімдігінің
2006 ж.«15» 09 № 262
«Азаматтарды 2006 жылғы қазан
мен желтоқсан айының
аралығында кезекті
әскери қызметке шақыру туралы»
қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Аршалы аудандық шақыру комиссиясының құрамын ауыстырушы
Әлиев Ақдаулет Төленгұлы - аға лейтенант, Аршалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығының орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы
Ахметов Әуезхан Балықбайұлы - «Аршалы аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің» ММ бастығы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Закарин Дәуренбек Шугайұлы - АІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Швейкин Анатолий Иванович - шақыру комиссиясынының аға дәрігері (келісім бойынша)
Ермакова Елена Ивановна - шақыру комиссиясынының хатшысы (келісім бойынша)