2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім (Әшімов Т.О.келісім бойынша)
Тармақша 1
1) 2006 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында аудан аумағында 1979-1988 жылы аралығында туған, бірақ әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру мерзімі біткен азаматтарды мерзімді әскерге қызметке шақыруды және жөнелтуді өткізсін:
Тармақша 2
2) Әскерге шақырылу пункті келесі мекен-жайда белгіленсін:
Қорғалжын ауылы, Қ.Күмісбекова көшесі 37
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 44-бабы 3,4- тармақтарына сәйкес, әскерге шақырылу кезінде керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер,және автокөлікпен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Жоғары айтылған Заңының 17-бабы 5 тармағына сәйкес, аудандық шақыру комиссиясы және оның резервтік кұрамы құрылсын. (қосымша № 1)
Тармақ 3
3. Аудандық шақыру комиссиясы:
Тармақша 1
1) Өз жұмысында Қазақстан Республикасы 08.07.2005 жылғы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,21,23,28 баптарын қолдансын.
Тармақша 2
2) Медициналық тексерісті 2006 жылдың қазан айынын 2-ші жұлдызынан бастасын.
Тармақ 4
4. Аудандық аурухананың бас дәрігері (Үсенов А.О.келісім бойынша) әскери қызметке шақыру кезінде аудандық медициналық комиссиясына жоғары білікті мамандар мен орташа медициналық құрамды іріктеп алып, әскерге шақырушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлінсін. Шақыру комиссиясының жұмысқа тартылған маман дәрігерлердің, орташа медициналық қызметкерлердің еңбек ақысы сақталсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Ғали А.К. келісім бойынша)
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бабы 2 тармағына сәйкес, әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кету кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ауылдық әкімдеріне
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 08.07.2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабы 1 тармағына сәйкес, әскерге шақырушыларды берілген кесте бойынша, аудандық комиссияға дер кезінде келуін қамтамасыз етсін. (қосымша №
Тармақша 2
2) Ауылдық округтер бойынша әскери есепті жүргізуге жауапты мамандардың болуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Аудан басшылары әскерге шақырылғандарды уақытында комиссияға жеткізу үшін берілген кесте бойынша автокөлікпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын, қадағалауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Келісілді:
Әшімов Т.О Аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
Ғали А.Қ Аудандық ішкі
істері бөлімінің бастығы
Үсенов А.О. Аудандық орталық
аурухананың бас дәрігері
Басқа 18. АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Қорғалжын ауданының әкімдігінің
қаулысына 1 қосымша «2» 2006ж
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:
Ашімов Талғат Оралбекұлы - Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша).
Каримова Қалима Мұсылманбекқызы - Құқықтық бөлім бастығы, шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Найманбаев Егінбай Казенұлы - Аудандық ІІБ бастығының орынбасары (келісім бойынша).
Қусайнов Әмірхан Ықласұлы - Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша).
Джабаева Кенже - Аудандық аурухананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 19. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ.
Қорғалжын ауданының
әкімдігінің қаулысына
2 қосымша
«2» 2006ж № 124
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРЫЛУДЫ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ.
№№
Ауыл округтері
Өткізетін күндері
1
Амангелді
05.10.2006жыл
2
Арықты
03.10.2006жыл
3
Қарашылғын
04.10.2006жыл
4
Майшұкыр
04.10.2006жыл
5
Кенбидайық
03.10.2006жыл
6
Қызылсай
02.10.2006жыл
7
Сабынды
04.10.2006жыл
8
Қорғалжын
02.10.2006жыл