О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу осенью 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының (әрі қарай - Заң) 19, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, 2006 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін: Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Асхат Сағадиұлы Әли аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары Қайрат Шәкірұлы Шәкіров аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сейфутдин Сәкенұлы Қабжанов ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдың жұмысын басқарушы дәрігер Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорына Аудандық медициналық бірлестігі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлер төмендегі құрамда бөлсін: Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев дәрігер – хирург Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер – офтальмолог Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дермато – венеролог Сағадат Кәбиұлы Кәкенов дәрігер – терапевт Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер – невропатолог Тишкен Ішкенқызы Ішкенова дәрігер – психиатр Сәкен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер – стоматолог Жібек Бахиқызы Жүнісова дәрігер – рентгенолог
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде келесі медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекітілсін: Қазкен Нұрғалиұлы Жұмакаев дәрігер – хирург Мұрат Әлимұлы Байгожин дәрігер – терапевт Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева дәрігер – стоматолог
Тармақша 3
3) орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімінде жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз қуысын санациялау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман -дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керекті санын бөлсін;
Тармақша 6
6) әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендігі жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың резерві болсын.
Тармақ 7
7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Буқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдерін ұсыну барысында, емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Жұлдыз Қожабергенқызы Қапашева) Заңының 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты, ұйымдастырылып қарастырылған шараларын смета бойынша қаржыландырсын.
Тармақ 9
9. Селолық округтер және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға олармен әскерге шақыру комиссиясынын күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымдастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалдау кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
Тармақ 10
10. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру, стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 11
11. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.
Тармақ 12
12. Заңының 18 бабына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімін жауапта жүрген немесе алдын-ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабарлама жасап отырсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін;
Тармақша 3
3) облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін ұсынсын.
Тармақ 14
14. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 7/2 «2006 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырулуын өткізу туралы» (тіркелу нөмері 8-11-3, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2006 жылдың 8 сәурінде жарияланған), 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 10/1 «Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы «2006 жылдың қөктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырулуын өткізу туралы» каулысына толықтыру енгізу туралы (тіркелу нөмері 8-11-20, аудандық «Сарыарка» газетінде 2006 жылдың 20 мамырда жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 16
16. Осы қаулы 2006 жылғы 2 қазаннан бастап күшіне енеді. Келісілген Аудандық медициналық бірлестіктің директоры Б. Мұздыбай 06. 09. 2006 Аудандық ішке істер басқармасының бастығы М. Рақымжанов 06. 09. 2006 Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө. Әбілов 06. 09. 2006