2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес және 2006 жылы қазан-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық шақыру комиссия қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауыл және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) 2006 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1979-1988 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізімі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды жеткізу жөніндегі және медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын маман-дәрігерлермен және орта медициналық құраммен жасақтасын.
Тармақ 5
5. «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімі (Асхат Нұрмұхаммедұлы Канафин - келісім бойынша) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұсталуын, әскерге шақырғандар командаларын аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Нұра ауданының мәдениет және тілдері дамыту бөлімі (Рабиға Қосанқызы Құтжанова) әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салған күндері жастар алдында көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың әскери-патриоттық тақырыптарға өнерін көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруына байланысты, осы мақсатқа бюджетте бөлінген қаржылар шектерінде қаржыландыруды жүргізсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі «2006 жылы сәуір-маусым айлары аралығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (2006 жылдың 16 мамырында мемлекеттік тіркеу тізімінде нормативтік құқықтық актілердегі тіркелінген №8-14-22) № 07/43 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Ш.Жолболдин 20.09.2006 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Н.Канафин 20.09.2006 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық медициналық бірлестігінің директоры Б.О.Еспаев 20.09.2006 жыл КЕЛІСІЛДІ «Қарағанды облысы мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті» мемлекеттік мекемесінің Нұра аудандық филиалының бастығы Г.Қ.Досполова 20.09.2006 жыл
Басқа 14. Аудандық шақыру комиссияның құрамы:
Қосымша аудан әкімдігінің 2006 жылғы «20» қыркүйектегі № 14/03 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Аудандық шақыру комиссияның құрамы:
Тармақ 1
1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия төрағасы, аудандық корғаныс істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 2
2. Даутов Олжас Маратұлы - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының жетекші маманы
Тармақ 3
3. Оспанова Алтыншаш Оміржанқызы - комиссия хатшысы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскери міндеттілерді шарт бойынша қызметке алу және шақыру бөлімше бастығының алғашқы әскери дайындығы және әскери техникалық мектеп жөніндегі көмекшісі (келісім бойынша)
Тармақ 4
4. Есжанов Жанболат Зейнілұлы - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Тармақ 5
5. Гизатуллина Лилия Фанауиқызы - аудандық медициналық бірлестігінің терапевт-дәрігері (келісім бойынша)
Тармақ 6
6. Қалитов Сағдат - аудандық қорғаныс істер бөлімінің әскери міндеттілерді шарт бойынша қызметке алу және шақыру бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)