О проведении призыва граждан на воинскую службу в октябре-декабре 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың қазан-желтоқсан азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағына 20, 44 баптарына, «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысы», «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасың азаматтарын 2006 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығына, әскери қызмет негізіне оқыту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде әскер қатарына шақыру учаскесі 2006 жылдың қазан-желтоқсан айында ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Шақыруды өткізу кезеңіне әскер қатарына шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері К.К. Жановқа ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық медециналық комиссияны дәрігер - мамандармен, қажетті дәрі-дәрмектермен құрал - саймандармен, медециналық және шаруашылық мүліктермен жасақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясының жұмысына қатысатын дәрігерлер мен медециналық қызметкерлерді шақыру кезеңіне еңбекақыларын сақтаумен өз міндеттерін атқарудан босату.
Тармақ 5
5. «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығы (Қ.Ж.Ашимянов) 2 қазаннан шақыру аяқталғанға дейінгі кезеңге қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар арасынан сегіз техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 6
6. Білім беру мекемелерінің, ұйымдарының және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына меншік нысанасына қарамастан ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды шақыру комиссиясынан өту үшін қажетті уақытта жұмыстан немесе оқудан босату, шақырушыларды іссапарлардан, демалыстан шақыртып алу, оларды хабардар ету және шақыру пунктіне уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясына келмеген шақырушыларды іздестіруге және бақылаулық медециналық комиссиядан өту үшін облыстық жиналу пункітіне тасымалдау үшін жәрдем көрсету.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы құралымдарының басшыларына селолық округтердің әкімдеріне флюорографиялық тексеру мен медициналық комиссиядан өту үшін, шақырылушыларды Щучинск қаласына тасымалдауға және де әскери қызыметке жөнелту күні селолық округтен Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне дейін тасымалдауға көлік бөлуде жәрдем көрсету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Щучинск қаласының, Бурабай кентінің және селолық округтердің әкімдері шақырылушылардың берілген тізімге сәйкес Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Щучье аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Т.Б. Баймурзин) Щучинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімімен бірлесіп шақыруды өткізу кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және де, әскери қызметке шақырудан бұлтарған адамдарды іздестіру мен жеткізуді жүргізу, және де шақырылушыларды әскери бөлімшелерге аттандыру мен жөнелтуде қоғамдық тәртіпті күзету ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды орындаумен байланысты, шығындар аудандық бюджетте көзделген қаржы бөлу есебінен жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Осы актінің күші 2006 жылғы 2 қазаннан туындаған қатынастарға таралады.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсін.
Басқа 17. Әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы
Щучье ауданы әкімдігі 2006 жылы 09.10 № а-10/535 қаулысына 1 қосымша Әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы Зиятов Батырхан Мұсаұлы - майор, Щучинск қаласының қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Жүнісов Манарбек Ғалимарданұлы - Щучье ауданының дене тәрбиесі және спорт ММ бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Ыдырысов Серік Ғазизұлы - полиция подполковнигі, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Садуақасова Алтынжан Зейкенқызы - № 1 ОДЕ-нің дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Күшірбаева Запура Қазғожақызы - клиника-диагностикалық бөлімшенің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 18. Азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін
Щучье ауданы әкімдігінің № а-10/535 9.10.2006 жылғы қаулысы бекітілді Азаматтарды әскери қызметке шақыру кестесі бекітілсін № Селолық округ атауы саны 02.10.06 04.10.06 06.10.06 09.10.06 11.10.06. 13.10.06. 16.10.06. 17.10.06. 19.10.06 20.10.06 23.10.06. 25.10.06. 27.10.06. 30.10.06 03.11.06. 06.11.06. 07.11.06. 08.11.06 10.11.06. 13.11.06 15.11.06. 16.11.06. 17.11.06. 20.11.06. 21.11.06. 23.11.06. 27.11.06. 04.12.06. 06.12.06. 11.12.06. 15.12.06. 20.12.06 1 Абылайхан селолық округі 70 50 7 13 2 Бурабай кенті 68 50 18 3 Веденов селолық округі 43 43 4 Златополье селолық округі 69 50 19 5 Зеленобор селолық округі 91 50 40 1 тексеру 6 Кенесары селолық округі 60 50 10 Жоғарғы оқу бөлімі үміткерлер Кадет корпусына үміткерлер 7 Қатаркөл селолық округі 65 50 15 ЖӘОМ-ге үміткер ӘТМ-ге үміткер 8 Климов селолық округі 55 50 5 9 Наурызбай селолық округі 37 37 10 Успеноюрьев селолық округі 58 50 8 11 Ұрымқай селолық округі 84 50 34 12 қала 432 50 50 50 50 50 50 50 50 32 Қорытынды 1132