Об организации и обеспечении проведения призыва граждан в Вооруженные Силы Республики Казахстан, другие воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабына, облыс әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 106 «2006 жылдың сәуір-маусым айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскери қызметке шақыру күніне 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты жасы үлкен ер жынысты азаматтарды әскери қызметке шақыру 2006 жылдың қазан-желтоқсан айларында іске асырылсын. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2006 жылдың 31 желтоқсанына дейін өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін 1-қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындардың, оқу орындары мен ұжымдық мекемелердің басшылары, шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырып, осы шақырумен уақытылы келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын, селолық округ әкімдері міндеттелсін. Шақыру комиссиясын жалғастыру кезінде әскерге шақырылушы оқудан және жұмыстан жалақысы (стипендиясы) сақталып босатылсын. Әскерге шақырылушыны іс-сапар, демалыстан шақырып алып, оларды құлақтандыруды ұйымдастырып,
уақытында шақыру пунктіне жетуін камтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (Бахонов Ә. К.):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың денсаулығын анықтау үшін шақыру комиссиясынан өту кезіңінде қажетті санда дайындығы, тәжірибесі мол дәрігер-мамандарды бөлсін;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандарды, антропометрия кабинетін орта буын медбикелермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін күн сайын демалыс және мереке күндерінен басқа күндері емханада ең кем дегенде 50 әскерге шақырылушының анализ тапсыруын, электрокардиограмма жасауын, қанның тобын, резус факторын анықтауын, флюрографиялық тексеріс өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылушылардың жеке амбулаториялық медициналық қағаздарын, нервті-психикалық, туберкулез, терівенерология, жұқпалы трахома, ішкі органдардың созылмалы, сүйек, бұлшық ет, буындары ауыратындардың тізімін және ауруының тарихынан көшірмелер, дәрігерлер берген диспансерлік тексерудің қорытындысы бар мәліметтерін тапсыру міндеттелсін;
Тармақша 5
5) стационарлық (амбулаториялық) тексеру мен емделуді талап ететін әскерге шақырылушылардың қай емдеу мекемесінде тіркелетінін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына мәлімдесін;
Тармақша 6
6) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 7
7) стационарда емделіп жатқан әскерге шақырылу жасындағы барлық азаматтар туралы мәліметті үш күн мерзім ішінде аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын;
Тармақша 8
8) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының жолдамасымен келгені әскерге шақырушыларды стационарлық және амбулаторлық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар бөлсін.
Тармақ 5
5. Қарғалы аудандық әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы (Нұрмұхамедова Г. А.) әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери құжаттарында аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алу немесе шығу белгісі болған жағдайда ғана тіркеу жүргізуі ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қарғалы ауданы ішкі істер бөлімінің бастығына (Тоқабаев С. Р.):
Тармақша 1
1) әскери қорғаныс істері жөніндегі бөліннің тапсырысы бойынша шақыру пункттері жұмыс істеп тұрған кезде тәртіпті сақтау мақсатында құрамында 2 адамнан полиция жасағын бөлу, әскери міндеттілерді облыстық шақыру пунктіне апарып, алып қайтқанда тәртіпті қадағалауға 1 адам бөлу;
Тармақша 2
2) әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке алуға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу, олардың әскери есептің ережелерін орындауды бақылауын іске асыру және әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер арасынан осы ережелерді бұзушыларды анықтауға жәрдем ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бас тартқандарды іздестіру және ұстау жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұрауы бойынша 1979-1988 жылы туған шақырылушылардың тізімін беру;
Тармақша 5
5) жеті күн мерзімі ішінде үстінен алдын ала жауап алынып, тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы хабарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге беру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Берденова Ұ. А.) жеті күн мерзімі ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына заңды түрде мүгедек деп танылған әскери міндеттілер мен шақырылушылар тізімін хабарласын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Қасымова Ш. Ә.) азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен жүргізсін.
Тармақ 9
9. Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Құмаров А. М.) 2006 жылдың 25 желтоқсанына дейін осы қаулының орындалуы туралы ақпарат беру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Шакыру кезінде комиссиясының мүшелерінің, дәрігерлік, техникалық қызметкерлердің, сол сияқты қызмет ететін қызметкерлердің шақыру пункттерінде қызмет еткен уақыттарында жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталады.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қ. Сүйсеновке жүктелсін.
Басқа 25
Аудан әкімдігінің
2006 жылғы 2 қазандағы
№ 271 қаулысына
№ 1 қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Құмаров А. М. – Комиссия төрағасы, Қарғалы аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Сүйсенов А. Қ. – Комиссия төрағасының орынбасары, Аудан әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Тармақ 3
3. Бахонов Ә. К. – медициналық комиссияның төрағасы, бас дәрігер
Тармақ 4
4. Тоқабаев С. Р. – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Тармақ 5
5. Берденова Ұ. А.– медициналық комиссияның хатшысы