О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Занының (әрі қарай - Заң) 19, 20 баптарына сәйкес, 2006 жылдың көктемінде азаматтардың жедел әскери қызметке дер кезінде шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымастырылсын.
Тармақ 2
2. Мынадай құрамда комиссия бекітілсін: Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов Бұқар жырау аудандының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Шайза Молдабекқызы Түсіпбаева аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары; Қайрат Шәкірұлы Шәкіров аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сейфутдин Сәкенұлы Қабжанов ауданның бас дәрігерінің орынбасары, медициналық персоналдық жұмысын басқарушы дәрігер Айгүл Қайырқызы Әбілдина аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Тармақ 3
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) әскерге шақыру комиссиясының отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және азаматтардың жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру мен өткізілуі бойынша Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) бекітілген кестеге сәйкес, әскерге шақырылуға жататын азаматтардың шақырылуын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорына Аудандық медициналық бірлестігінің директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарауына Заңға сәйкес, әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін керекті маман дәрігерлер төмендегі құрамда бөлсін: Аскар Қазкенұлы Жұмакаев дәрігер – хирург Сара Сартайқызы Сембаева дәрігер – офтальмолог Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева дәрігер дермато – венеролог Сағадат Кәбиұлы Кәкенова дәрігер – терапевт Зура Қайырбекқызы Жұмақаева дәрігер – невропатолог Тишкен Ішкенқызы Ішкенова дәрігер – психиатр Сакен Ескендірұлы Барлыбаев дәрігер – стоматолог Жібек Бахиқызы Жүнісова дәрігер – рентгенолог
Тармақша 2
2) Дәрігер-мамандардың ауруы немесе басқа орынды себептері кезінде келесі медициналық комиссиясының төмендегі құрамы бекітілсін: Қазкен Нұрғалиұлы Жумакаев дәрігер – хирург Талғат Бағытұлы Сейітжанов дәрігер – терапевт Гүлжазира Базарбайқызы Бәкішева дәрігер – стоматолог
Тармақша 3
3) Орталықтандырылған аудандық аурухана стационарында әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың қосымша тексерілуі мен емделуін өткізу үшін төсек орын резерві болсын. Қосымша тексерілуі мен емделуін шақыру комиссиясының нұсқаған және белгілеген мерзімінде жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) Әскерге шақыру кезеңінде тіс емделуін мұқтаж ететін әскерге шақырушылардың ауыз құысың санациялау қамтамасыз етілсін;
Тармақша 5
5) Медициналық комиссияны керекті құралдар, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін, сонымен бірге маман -дәрігерлерге көмек көрсетуге медициналық бикелердің керекті санын бөлсін;
Тармақша 6
6) Әскерге шақырылушыларды зерттеу және олардың әскери қызметке лайықты екендігі жөнінде шешім шығару үшін электрокардиограмма өткізуге қағаз, флюорографияға рентгенопленкалардың рерзерві болсын.
Тармақша 7
7) Шақыру комиссиясының жұмысы үшін аудандық медициналық бірлестікте дәрігер маман отоларингологтің болмауына байланысты, дәрігер – отоларингологтің денсаулық сақтау Департаментінен шақырылсын. Дәрігер – отоларингологтің жұмысына байланысты іссапарлық шығындар төленсін.
Тармақ 7
7. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізу барысында және Буқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдерін ұсыну барысында, емделуді мұқтаж ететін әскерге шақырушылар емдеу мекемелерге бекітілсін және әскерге шақыру біткенге дейін емдеу жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Жұлдыз Қожабергенқызы Қапашева) Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабына сәйкес, жедел әскери қызметке шақыруға байланысты, ұйымдастырылып қарастырылған шараларын смета бойынша қаржыландырсын.
Тармақ 9
9. Селолық округтер және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) Заңның 18 бабына сәйкес, Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізімдері бойынша әскерге шақырылушыларға олармен әскерге шақыру комиссиясын күні туралы хабарласын, сонымен бірге кестеге сәйкес олардың 100 пайыздық келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Ауданның әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың жеткізілуін ұйымастырсын, әскерге шақырушыларды тасымалау кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақша 3
3) Әскерге шақыру пунктіне әскерге шақырылушыларды жіберудің алдында оларды шақыру қағазында көрсетілген керекті құжаттардың бар болуын тексерсін.
Тармақ 10
10. Жеке меншіктің барлық түріндегі кәсіпорын, мекеме және ұйымдардың басшылары әскерге шақыру, стационарлық тексеру уақытында әскерге шақырылушыларды жұмыстан босатсын.
Тармақ 11
11. Әскерге шақырылуды өткізу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппаратының есеп және әскерге тағайындау бойынша бас мамандары тартылсын.
Тармақ 12
12. Заңының 18 бабына сәйкес аудандық ішкі істер басқармасы (Мейрам Мақсұтұлы Рақымжнов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімін жауапта жүрген немесе алдын - ала тергеуге қатысты әскерге шақырушылар туралы хабарлама жасап отырсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғаннан бас тартатын әскерге шақырылушылардың іздеуі мен жеткізілуін жүргізсін.
Тармақша 3
3) Облыстық жиналу пунктіне әскерге шақырылушылардың шақырылуы мен кетуі кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 13
13. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2006 жылдың 25 маусымына дейін ұсынсын.
Тармақ 14
14. «2005 жылдың күзінде азаматтардың жедел әскери қызметке шақырулуын өткізу туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 23 қырқүйекте №23/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелі нөмері 8-11-9, аудандық «Сарыарқа» газетінде 2005 жылдың 5 қарашада жарияланған).
Тармақ 15
15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шайза Молдабекқызы Түсіпбаеваға жүктелсін. Келісілген: Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы М. Рақымжанов 14.03.2006 Аудандық медициналық бірлестіктің директоры Б. Мұздыбай 14.03.2006 Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө. Әбілов 14.03.2006